È

«13 шақырым» фильмі IV «Күміс Ақбозат» ХКФ-не қатыспақ

«13 шақырым» фильмі IV «Күміс Ақбозат» ХКФ-не қатыспақ

Владимир Тюлькиннің «13 шақырым» деректі фильмі IV Халықаралық «Күміс Ақбозат» ұлттық және этникалық кинофестивалінің қатысушысы атанды. Кинокөрсетілім 17-19 желтоқсан аралығында Башқұртстан Республикасы, Уфада өтеді. Фестивальді Сәбит Құрманбековтың «Оралман» драмасы ашады.

«13 шақырым» картинасы көрермендерді шаруашылықты дөңгелетіп отырған фермермен таныстырады. Ер азамат қиындықтарға қарамастан, үй салып, екі қызын өсіріп, білім берді.

Рухы мықты адам туралы фильм түсіруге қоюшы-оператор Юрий Пак пен композитор Ғалымжан Секеев атсалысты.

«Оралман» фильмінен көрініс
«Оралман» фильмінен көрініс

Қазақстан таспасына Башқұртстан, Латвия, Ресей, Солтүстік Осетия – Алания және Татарстан елдерінен келген 6 жұмыс бәсекелес болмақ.

«Күміс Ақбозат» Халықаралық ұлттық және этникалық кинофестивалі 2014 жылдан бері Башқұртстан Республикасы Мәдениет министерлігінің қолдауымен өткізіліп келеді. Кинофестивальдің мақсаты – әлем халықтарының мәдени және рухани құндылықтарын өсіру. Төртінші кинокөрсетілімнің байқау бағдарламасына 22 картина, байқаудан тыс 10 картина қатысады.

Еске сала кетсек, III «Күміс Ақбозат» ХКФ-де Досхан Жолжақсыновтың «Құнанбай» фильмі «Ұлттық рух» жүлдесін иеленген болатын.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист

Алексей Пантелеев

Актер