È

«Айка» фильмі Қазақстанның атынан «Оскар» жүлдесіне ұсынылды

«Айка» фильмі Қазақстанның атынан «Оскар» жүлдесіне ұсынылды

«Айка» фильмі «Шет тіліндегі үздік фильм» ретінде Қазақстанның атынан «Оскар» жүлдесінің лонг-парақшасына енді. Картинаның қоюшысы - Сергей Дворцевой, ал басты рөлді қазақстандық актриса Самал Еслямова сомдады.

«Айкамен» қатар, жүлдені иелену үшін 87 елдің жұмыстары бақ сынайтын болады. Сонымен қатар, ТМД-дан Константин Хабенскийдің «Собибор» ресейлік фильмі, Дарья Жуктың «Мөлдір аққу» белорус таспасы және Александр Коттың «Спитак» армян картинасы қатысады.

Самал Еслямова, Сергей Дворцевой
Самал Еслямова, Сергей Дворцевой

«Оскардың» қысқа тізіміне кімдердің енетіні 2019 жылдың 22 қаңтарында белгілі болады. Ал жүлдені табыстау салтанатының өзі шорт-парақша жарияланған соң, бір айдан кейін өтеді.

Еске салсақ, алдыңғы жолы Америка кинематография өнері мен ғылым академиясының дирекциясы «Айка» кинотаспасын Қазақстанның атынан қабылдамаған болатын, себебі таспада ұлттық мазмұнының пайызы 50-ден төмен болған.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Құралай Анарбекова

Актриса