«Аманат» фильмі «Оскарға» қатысады
Режиссер Сатыбалды Нарымбетовтың «Аманат» тарихи драмасы 2017 жылғы «Оскар» киножұлдесі номинанттарының тізіміне енді. Картина америкалық кинолентаның қарауына биылғы жылдың наурыз айында ұсынылған болатын.
«Аманат» - тарихшы Ермұхан Бекмахановтың тағдыры жайлы. Қазақстандвқ ғалым Кенесары Қасымов бастаған ірі көтерілісті зерттеген. сол үшін де ол репрессияға ұшырады. Фильмде үш кезеңнен үзінділер көрсетілген, онда Қазақстан тарихының елеулі кезеңдері қамтылған.
Бұған дейін Арман Асенов «Аманат» «Оскарга» ұсынылатынын айтқан болатын. Фильм продюсерінің айтуынша, лентаны ағылшын тіліне аудару үшін қыруар жұмыс жасалған. Қазақстандық прокатқа картина биылғы жылдың мамыр айында шықты.
Рөлдерде: Берік Айтжанов, Қарлыгаш Мұхамеджанова, Санжар Мәдиев, Азиз Бейшеналиев, Құралай Анарбекова және басқалар.
«Аманат» фильмі «Шет тіліндегі үздік фильм» номинация бойынша сайысқа түседі.







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін