È

«Бойжеткен» фильмі XIV Қазан кинофестиваліне шақырылды

«Бойжеткен» фильмі XIV Қазан кинофестиваліне шақырылды

«Бойжеткен» жастар мелодрамасы алғаш рет шетелдік көрерменге ұсынылмақ. Картина көрсетілімі XIV Халықаралық Қазан мұсылман киносы кинофестивалінде продюсер әрі Alma pictures компаниясының директоры Алмагүл Тілеуханованың шығармашылық кездесуі аясында өтеді.

«Бойжеткен» картинасы - режиссер Абдель Фифтибаевтің толық метрдегі дебюті. Жоба ұзақ уақыт бойы демеуші іздеді, нәтижесінде Алмагүл Тілеуханованың Alma pictures компаниясынан қолдау тапты. Фильм түсірілімі 2017 жылы жазда Алматыда өткен. Мелодрама отандық айналымға биылғы жылдың 1 наурызында шыққан болатын.

Сюжет бойынша музыкант Дэн (Ерболат Ержанов) белгісіз сұлу Әнелді (Әлия Наурызбаева) өзіне қаратқысы келеді. Қыздың назарын аудару үшін жігіт рок-фестивальде өнер көрсету үшін топ жинайды. Бірақ, бір қарағанда қарапайым болып көрінетін жоспар қиындай түседі.

Халықаралық Қазан мұсылман киносы кинофестивалі 2005 жылдан бері өткізіліп келеді. Биылғы жылы байқау бағдарламасына бүкіл әлемнен 65 картина енді. Әлемнің 11 елінен келген 12 сарапшы үздіктерді анықтап, бағалайтын болады. Фестиваль тарихында алғаш рет қазылар алқасын әйел басқарады – танымал түркмен театр және кино актрисасы, сценарист Мая-Гозель Аймедова.

Биыл кинофестиваль 4 қыркүйекте басталып, дәстүрлі түрде Татарстанның астанасы Қазан қаласында өтеді.

Еске салсақ, сондай-ақ байқау бағдарламасына Қазақстанның келесі картиналары енген: Әділхан Ержановтың «Әлемнің мейірімді бейжайлығы» және Жайық Белқожаевтың «Мен оралдым» таспасы.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Санұржан Сүлейменов

Актер