È

«Бойжеткен» фильмі Германиядағы Schlingel кинофестивалінің қатысушысы атанды

«Бойжеткен» фильмі Германиядағы Schlingel кинофестивалінің қатысушысы атанды

«Бойжеткен» мелодрамасы жақында Германия көрермендеріне көрсетіледі. Картина балалар мен жасөспірімдерге арналған Халықаралық Schlingel кинофестивалінің қатысушысы атанды. Фильм Junior Film Competition - 14 жасқа дейінгі жастар фильмдері байқауында Қазақстанды таныстырмақ.

«Бойжеткен» кинотаспасын режиссер Абдель Фифтибаев түсіріп, 2018 жылдың көктемінде экранға шығарған болатын. Сюжетте Дэн (Ерболат Ержанов) мен Әнелдің (Әлия Наурызбаева) оқиғасы баяндалады. Олар әсем қала Алматы көшелерінің бірінде танысады. Жігіттер бір-бірін ұнатып қалады, уақыт өте келе бұл үлкен сезімге ұласады.

Халықаралық Schlingel кинофестивалі 1996 жылдан бері өткізіліп келеді. Биылғы жылы ол 23-ші рет өткізілмек. Фестиваль балалар мен жастар жұмыстарына бағытталған ең беделді неміс кинокөрсетілімдерінің бірі болып саналады.

«Бойжеткен» картинасын кинонарық пен кинофестивальдерге шығарумен Antipode Salesand Distribution Мәскеулік компаниясы айналысуда.

Еске салсақ, сондай-ақ отандық мелодрама Татарстанда XIV Қазан кинофестивалінде көрсетіледі.

 

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Maxim Bogomolov

14 тамыз 2018, 20:52

Молодцы! Поздравляю!

Таныс бейне

Асылхан Төлепов

Актер

Төлеубек Аралбай

Актер