È

«Қаратас ауылындағы оба» фильмі «Киношока-2016» фестивалінің бас жүлдесін қанжығалады

 «Қаратас ауылындағы оба» фильмі «Киношока-2016» фестивалінің бас жүлдесін қанжығалады

Қазақстандық режиссер Әділхан Ержановтың «Қаратас ауылындағы оба» деп аталатын сатиралық фильмі 25-інші «Киношоктың» «Алтын сабақ» жүлдесіне ие болды. Мерейтойлық кинофестиваль 3-10 қыркүйек аралығында Анапа қаласында өтті.

«Қаратас ауылындағы оба» - отандық партизандық кино өкілдерінің туындысы, бұл фильм шетелдерде жоғары бағасын алды. Картина образдар арқылы қазіргі қоғамдағы түйіткілді мәселелерді қозғайды.

Сценарий авторы Әділхан Ержанов, продюсеры Серік Әбішев. Жас кинемотографистердің фильмі Роттердам кинофестивалінде NETPAC жүлдесін алған болатын.

«Киношок» - ТМД елдері, Латвия, Литва және Эстония мемлекеттері арасында өткізіледі. Биылғы жылы осы байқауға тағы бір қазақстандық картина, Дархан Төлегеновтың «Луч утренней зари» фильмі қатысқан болатын.

Естеріңізге сала кетейік, «Қаратас ауылындағы оба» сондай-ақ Франциядағы ETRANGE FESTIVAL («Қызық фестиваль») Халықаралық фестивальға да қатысты. Қорытындысы 18 қыркүйект белгілі болады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Нұржұман Ықтымбаев

Актер

Венера Нығматулина

Актриса