È

Нұртас Адамбайдың «Құдалар» фильмін 2018 жылдың желтоқсанында көрсетпек

Нұртас Адамбайдың «Құдалар» фильмін 2018 жылдың желтоқсанында көрсетпек

Nurtas Production компаниясы «Құдалар» фильмінің түсірілімін аяқтады. Құдалар жайлы таспаны режиссер, продюсер және актер Нұртас Адамбай түсірді. Картина 2018 жылдың желтоқсанында айналымға шығады деп күтілуде.

Сюжет бойынша Диана мен Данияр үйленуге шешім қабылдайды. Дегенмен, ата-аналарының балаларының таңдауына көңілдері толмайды. Диананың ата-анасы әкімнің баласын күйеу бала етуге ниетті астананың тұрғындары. Даниярдың ата-анасы да қарсы, олар өздерінің ұлына ауылдан шыққан салт-дәстүрді білетін қалыңдықты іздейді. Бірақ жастар шешім қабылдап қойды, жалғыз-ақ қалғаны, құдаларға өзара келісіп, дүркіретіп той жасау.

«Бұл менің кинодағы дебютім, сондықтан қатты уайымдадым. Менің режиссерлік жұмысымды ұната ма, мені түсірілім алаңында қалай қабылдайды, басқа актерлармен ортақ тіл табыса аламын ба деп ойландым. Бірақ босқа уайымдаппын. Түсірілім тобы өте ұйымшыл болды. Сондықтан, түсірілім алаңындағы көңіл-күймен камераға тез-ақ үйреніп кеттім. Әсіресе, 4 минутқа созылатын сахналар менің есімде жақсы сақталыпты. Біз оған 18 рет дубл түсірдік. Бұл мен үшін ең ұзақ әрі қиын сахна болды»,- деді Даниярдың рөлін сомдаған Олжас Рымбаев.

Сондай-ақ, таспадағы Диананы - Динара Бақтыбаева, Астанадағы құдаларды – Нұртас Адамбай мен Жан Ізбасар, ауылдағы құдаларды – Райхан Калиолдина және Дархан Дайырбек сомдады.

Комедияның түсірілімі сәуір айында басталған болатын. Картинаны Астанада, Алматыда және Алматы облысында түсірді.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Нұржұман Ықтымбаев

Актер