Ольга Коротьконың «Ана үйі» фильмі Mzansi Women's Film Festival-да көрсетіледі
Ольга Коротьконың «Ана үйі» деректі таспасы Mzansi Women's Film Festival-ге қатысатын болды. Кинофестиваль 3-6 тамыз аралығында ОАР, Йоханнесбургте өтеді.
«Ана үйі» фильмі аналарға көмек көрсету орталығы туралы баяндайды. Картинаны 2016 жыл бойы Орал мен Алматы қалаларындағы «Ана үйінде» түсірген. Түсірілімге желілік продюсер Айгүл Нұрболатова мен монтаждаушы Ерлан Айғожинов атсалысты.
«Ана үйі» деректі фильмінен көрініс
Ольга Коротьконың айтуынша, аталмыш фильм арқылы ол қоғамдағы әрі отбасындағы әйелдер рөліне, жағдайына назар аудартқысы келген.
Mzansi Women's Film Festival – бүкіл әлем бойынша әйелдер туралы фильмдерді көрсететін әрі әйел-режиссерлардың жұмыстарын таныстыратын алаңқай. Фестивальдің негізі 2014 жылы Оңтүстік Африка Республикасында қаланды. Кинокөрсетілім жыл сайын тамыз айының алғашқы демалысында Йоханнесбург қаласында өтеді. Қатысушыларды келесі номинациялар бойынша белгілейді: «Үздік көркем фильм», «Үздік деректі фильм», «Үздік қысқаметражды фильм», «Үздік студентік фильм» және «Көрермен таңдауы».
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін