È

Елжас Рахымбековтың «El Freeman» фильмі Madrid International Film Festival-де жүлделі болды

Елжас Рахымбековтың «El Freeman» фильмі Madrid International Film Festival-де жүлделі болды

Елжас Рахымбековтың «El Freeman» фильмі Халықаралық Мадрид кинофестивалінде көзге түті. Картина «Үздік режиссер-дебютант» аталымында жеңіске жетті, сондай-ақ «Көркем фильмдегі үздік операторлық жұмыс» категориясында таныстырылды.

«El Freeman» («Эль Фриман») - Елжас Рахымбековтың дебютті жұмысы, картинада иммигранттың өмірі баяндалады. Кейіпкер Лос-Анджелесте американдық биліктен жасырынып жүреді де, жүк тасушы болып жұмыс істейді. Алайда, ер азаматтың қосымша жұмысы да бар, ол кілттердің көшірмесін жасап, клиенттерін тонаумен айналысады.

Картинадағы басты рөлді Рахымбековтің өзі сомдады. Сонымен қатар, фильмге шетелдік актерлар Мантас Валантиус, Алим Кулиев, Хал Дион, Аннакейт Чапель түсті. Картина «Қазақфильм» киностудиясында түсірілді.

Айта кету керек, қазақстандық таспаға 14 жұмыс бәсекелес болды, олардың арасында голливуд актері Шайа ЛаБафтың «#Takemeanywhere» дебютті фильмі де бар.

Madrid International Film Festival 2012 жылы құрылды. Фестиваль ұйымдастырушылары жас кинематографшылардың жұмыстарына баса назар аударады.

 

Превью: mariettavolynska.com

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Санұржан Сүлейменов

Актер

Жанель Әлікова

Актриса

Берік Арықбаев

Актер

Ақылжан Мақашев

Актер

Еркебұлан Тасынов

Актер