È

«Ластанған үлкен шаһар» фильмі Cottbus Film Festival қатысушысы атанды

«Ластанған үлкен шаһар» фильмі Cottbus Film Festival қатысушысы атанды

Нариман Төребаевтың «Ластанған үлкен шаһар» фильмі Орта және Шығыс Еуропа елдерінің 27-ші Cottbus Film Festival кинофестивалінің қатысушысы атанды. Кинокөрсетілім 7-12 қараша аралығында Германияда, Котбусте өтеді.

«Ластанған үлкен шаһар» кинотаспасы әділеттілікке жалғыз өзі қол жеткізгісі келетін азамат туралы баяндайды. Оған мына бір трагедия себеп болған: сүйіктісін бір министрдің ұлы қағып, өлтіріп кетеді, бірақ ол кейіннен босап шығады. Кейіпкер әділеттілікті орнатамын деп жүріп, өзі күресіп жүрген адамдардың қатарына қалай қосылып кеткенін байқамай қалады.

Басты рөлді тележүргізуші Асқар Меңдібаев сомдады. Сондай-ақ, картинаға Шыңғыс Қапин, Дина Тасболатова және Кәмилла Нұғыманова түсті. Драма былтырғы күзде «Партизан киносы» қозғалысының аясында түсірілген.

«Ластанған үлкен шаһар» фильмінен көрініс
«Ластанған үлкен шаһар» фильмінен көрініс

Cottbus Film Festival бүкіл әлем бойынша ең маңызды шығысеуропалық кинофестиваль болып саналады. Ол алғаш рет 1991 жылы өткізілді. Отандық картина «Спектр» бөлімінде көрсетіледі, аталмыш бөлімде сонымен қатар, Армения, Исландия, Польша, Румыния, Украина және Сербиядан келген 11 фильм қатыспақ.

Еске сала кетсек, «Ластанған үлкен шаһар» картинасының Қазақстандағы тұсаукесері қыркүйекте «Art Energy Almaty. Work in progress» фестивалінде болған.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Нұржан Рүстенов

Актер

Ержан Жарылқасынұлы

Актер

Әмір Қарақұлов

Режиссер