È

«Ластанған үлкен шаһар» фильмінің тұсаукесері «Art Energy Almaty. Work in progress» фестивалінде болады

«Ластанған үлкен шаһар» фильмінің тұсаукесері «Art Energy Almaty. Work in progress» фестивалінде болады

15-16 қыркүйек күндері Алматы трамвай депосы «Art Energy Almaty. Work in progress» фестивалін өткізу үшін қонақтарды қабылдайды. Шара барысында оңтүстік астанамызға арналған фильмдер көрсетіледі. Көрермен ондаған жылдар бойы қала бейнесінің қалай өзгергенін және оны түрлі жас өкілдерінен құралған кинотанушылардың қалай бейнелегенін көрсетпек. Кинокөрсетілім режиссер Нариман Төребаевтың «Ластанған үлкен шаһар» тұсаукесерлі картинасымен аяқталады.

Екі күн бойы көрермендерге Қалықбек Салықов, Александр Баранов және Бақыт Қилыбаев сынды танымал режиссерлардың жұмысы ұсынылады. Сондай-ақ, «Art Energy Almaty. Work in progress» фестивалінде «Партизан киносының тағдыры» атты тақырып талқыланады.

«Әйел» фильмінен көрініс

Шара қонақтары келесі картиналарды тамашалай алады:

«Балкон». Кинотаспадағы оқиға өткен жүзжылдықтың 50-жылдары болған, туындыда Жанна мен інісі Айдар туралы баяндалады. Соғыс кезінде бойжеткеннің күйеуі хабар-ошарсыз жоғалып кетеді, бірақ Жанна көңілін түсірмейді, бір күні жауап алам деген үмітпен толассыз хаттар жаза береді. Картина режиссері - Қалықбек Салықов.

«Әйел». Фильм ырымшылдықтан ада, ерекше бойжеткен туралы баяндайды. Кейіпкер өзі сияқты фотографпен кездесіп жүреді. Кенеттен ару басқа жас жігітке ғашық болып қалады. Кинотаспаның режиссерлары - Александр Баранов және Бақыт Қилыбаев.

«Шанхай». Картинадағы хикая КСРО құлдырағаннан кейінгі ауыр кезеңді баяндайды. «Шанхай» ауданының тұрғындары үйлерін бұзғысы келген жергілікті билікке қарсы шығады. Картина режиссері - Александр Баранов.

Кинокөрсетілімнің ашылуы 15 қыркүйек күні сағат 18:00-де басталады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақылжан Мақашев

Актер

Еркебұлан Тасынов

Актер

Меруерт Қасымбек

Актриса

Әділет Әбдірәсіл

Актер

Әсет Әбдірәсіл

Актер

Ахат Ибраев

Режиссер