È

«Қазақ хандығы. Алмас қылышты» Қытай мен АҚШ сатып алуға дайын

«Қазақ хандығы. Алмас қылышты» Қытай мен АҚШ сатып алуға дайын. Қазақстан киносы

«Қазақ хандығы. Алмас қылыш» тарихи драмасын қытайлық және америкалық прокатшылар сатып алуға ниет білдірген, бұл туралы фильмнің продюсері Арман Асенов айтты.

«Кинокартина Голливудда American Film Market байқауына қатысты. сол жерде Қытай, Латын Америкасы және АҚШ прокатшылары қызығушылық танытқан. Бұл дегеніміз әлем біздің тарихымызға қызыға бастады, мұның өзі керемет емес пе? Бізді жас, қарқынды дамып келе жатқан, тарихы бай мемлекет ретінде таниды. Қазіргі кезде келіссөздер жүргізіліп жатыр», - дейді продюсер.

Естеріңізге сала кетейік, «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» мемелкет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың мұрындық болуымен және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қатысуымен түсірілді. Қоюшы-режиссеры - Рүстем Әбдрашев.

Фильмдегі оқиға XV ғасырдың орта шенінде болған, Осы кезде қазақ хандығы құрлыпы, жаңа этнос қалыптасқан. Екі сұлтан Керей мен Жәнібек қатігез хан Әбілқайырдың билігіне көңілдері толмай,, көшіп кетуді ұйғарады. Картинада жас биилеушілер мен халықтың қандай қиындықтарға тап болатыны суреттеледі.

Тарихи лента жарты жыл бойы түсірілді, прокатқа 2017 жылдың 5 қаңтарында шықты. 10 сериалы теленұсқасы кинотеатрлардағы прокаттан кейін көрсетіле бастады.

«Кинонұсқасы прокатта көрсетіліп біте салысымен телеэкранға телефильмнің бірінші маусымы көрсетіледі. Біз сериалдың екінші, үшінші маусымын түсіруді жоспарлап отырмыз. Егер бәрі жақсы болса, өзіміз жоспарлағандай болса, көктемде жалғасы түсіріле бастайды, тағы 10 эпизод түсіріледі», - дейді Арман Асенов.

«Қазақ хандығы. Алмас қылыш» прокатта үш апта қатарынан прокатта жүріп жатыр. Картинаның жалпы кассалық табысы* әзірге 87 581 330 теңге.

 

* Rentrak және Ticketon.kz. жүйесі бойынша

Қазақстанда Rentrak Chaplin Cinemas кинотеатрлар желісіне қосылған.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Асылхан Төлепов

Актер

Төлеубек Аралбай

Актер