È

Мәжит Бегалиннің «Бұл Шұғылада болған еді» фильмі отанға оралды

Мәжит Бегалиннің «Бұл Шұғылада болған еді» фильмі отанға оралды

Қазақстандықтарға алғаш рет Мәжит Бегалиннің «Бұл Шұғылада болған еді» сандық фильмі көрсетілді. 1955 жылы түсірілген кинотаспаның көрсетілімі Астанада Қазақ Ұлттық өнер университетінің қабырғасында өтті.

«Бұл Шұғылада болған еді» - режиссер Мәжит Бегалиннің («Артымызда Мәскеу», «Мәншүк туралы жыр») алғашқы жұмыстарының бірі. Драмадағы оқиға «Шұғыла» колхозында өрбиді. Колхоз бірнеше жыл бойы қиын жағдайда тұр: мал індеті көбейді, астық өнімділігі төмендеді. Мұның барлығы дұрыс емес басшылықтың кесірінен орын алған еді. Жағдайды дұрыстауға жас мамандар - агроном Бақытжан, ветфельдшер Ксюша мен колхозшы Жанас кіріседі.

Фильмге Сәбира Майқанова, Ыдырыс Ноғайбаев, Кененбай Қожабеков және Бибігүл Төлегенова түсті. Таспа түсіріліміне сценарист Әбділда Тәжібаев, оператор Александр Фролов, қоюшы-суретші Құлахмет Қожықов және композитор Евгений Брусиловский атсалысты.

Картина КСРо-да шектеулі айналыммен шықты, ал жалғыз көшірмесі тек ресейлік Мемфильмқорда сақталған. Кинотаспа Евгений Лумпов ұйымдастырған «Фильмнің отанға оралуы» акциясының арқасында отанымызға оралды. Режиссер-дерекші жекеленген қаржыға картинаның сандық нұсқасын жазып, DVD-көшірмелерін дайындады.

 

Евгений Лумпов және ҚазҰӨУ студенттері

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист