È

«Мумия» фильмі Қазақстанда кассалық жинақ бойынша алда келеді

8-11 маусым аралығындағы кассалық жинақ

Отандық көрермендердің көңілінен қандай жаңа фильмдердің шыққанын өткен апта айқындап берді. Антонио Бандерастың «Қара көбелек» триллеріндегі жаңа образына қарамастан, фильм қазақстандықтарға аса ұнамаған секілді. Ал әлемдік киносыншылардың Том Круз рөлін сынағанына қарамастан, «Мумия» кинотаспасына отандастарымыз жоғары баға берді. Көрермендердің қандай фильмдерге билет сатып алғандығын Қазақстандағы кассалық жинақ туралы материалымыздан оқыңыздар.

Қазақстандағы кассалық жинақтың рейтингісіндегі бірінші орынды «Мумия» фильмі иеленді. Алекс Куртцманның картинасы 538 079 000 теңге көлемінде табыс тапты. Бұл фильмнің режиссерлік орны бастапқыда Уайзманға тиесілі еді, кейіннен оны Андрес Мускетти алмастырды. Бірақ, ол жобадан продакшн болмай тұрып кетіп қалады да, орнын продюсер Алекс Куртцманға береді. Алекс үшін «Мумия» екінші режиссерлік жобасы болды. Алғашқысы – «Біз сияқты адамдар».

«Мумия» фильмінен көрініс

Бірінші орыннан екінші орынға «Кариб теңізінің қарақшылары. Өлгендер ертегі айтпайды» фильмі жайғасты. Франшиза 147 845 800 теңге жинады. «Village Roadshow Studios» киностудиясының 2000 шаршы метрге жуық павильондарының біреуі костюм бөлмесі ретінде пайдаланған. Ол жақта 2000-ға жуық костюм мен әшекей бұйымдар сақталған. Сәндеушілер фильм түсіріліміне 100-ден астам жасанды шашты пайдаланып, бірінші, екінші үшінші қатардағы 700 актердың шаштарын сәндеген. Актерлік құрамның шаштарын барлығы 100 адам жауапты болды.

«Ғажайып-әйел» қиял-ғажайып фильмі 128 411 300 теңге көлемінде табысқа ие болды. Жоба басталмай тұрып 2005 жылы супер-әйелдің рөліне Анджелина Джоли қарастырылған еді. Актрисаға ұсыныс жасалғанымен, ол бас тартады. 10 жылдан соң оның кандидатурасы режиссер ретінде қарастырылды. Сонымен қатар, басты рөлді Кейт Бланшеттке ұсынған. Бірақ, актриса бас тартып, оның орнына «Тор 3: Рагнерёк» фильміндегі Хела келеді.

«Ғажайып-әйел» фильмінен көрініс

«Малибу құтқарушылар» комедиялық картинасы 34 192 650 теңге жинап, айналым үздіктерінің арасында төртінші орынға жайғасты. Актерлар Дуэйн Джонсон пен Александра Даддарио үшін бұл жоба екінші біріккен жұмыстары болды. Олар бұрын 2015 жылы жарыққа шыққан «Сан-Андреастың күйреуі» драмасына түскен. Дуэйн Джонсон пен II Яхья Абдул-Марин әлемдік DC филмдерінің актерлары болып табылады. Дуэйн 2019 жылы жарыққа шығатын «Шазам» фильміне түседі. Ал Яхья 2018 жылы шығатын «Акваменге» түсіп қойды.

«Артур патшаның қылышы» драмасы жалпы кассаны 30 822 500 теңгеге толтырды. Продюсерлікпен Гай Ричи, Стив Кларк-Холл, Акива Голдсман, Джоби Харольд, Ричард Сакл, Тори Таннелл айналысты. Олардың айтуынша, «Артур патшаның қылышы» - Лондиниумда болып жатқан оқиғаға байланысты шығатын алты фильмнің алғашқысы. Жоба өзінің «King Arthur: Legend of the Sword» атауын 2016 жылы шілдеде алған болатын.

«Артур патшаның қылышы» фильмінен көрініс

Ал «Бөтен. Өсиет» фильмі үздік бестіктің қатарына кіре алмады. Кинотаспа 7 980 000 теңге жинаған. Картинаның қоюшы-операторы Дариуш Вольски болды. Ол бұрын Ридли Скоттпен бірге «Марстық», «Соңы: Құдайлар мен патшалар», «Кеңесші» және «Прометей» фильмдерімен жұмыс істеген. Актрисалар Кэтрин Уоторстон мен Кармен Эджего үшін «Бөтен. Өсиет» фильмі бірігіп істеген екінші жұмыстары болды. Екеуі бұрын «Фантастикалық мақұлықтар және олар мекендейтін жерлер» фильміне түскен.

«Сараң» француз комедиясы тұсаукесерлі аптада 4 648 500 теңге жинады. Режиссер Фред Кавайе мен актер Дэни Бунның сценарийдің алғашқы нұсқасына көңілдері томаған еді. Ұзақ үгіттеудің нәтижесінде, Фред Кавайеге сценарийді қайта жазуға рұқсат берілді. Режиссердің айтуынша, басты кейіпкердің образы – бұл Тим Бертонның, актер Жак Татидың және танымал комедиялық кейіпкер Бин Мырзаның қосындысы.

Өткен аптада жеңіліске ұшырағандар - 1 035 300 теңгемен «Қара көбелек» триллері, 1 053 500 теңге кассасымен «Оның иттік жұмысы» драмасы және 143 300 теңге жинаған «Төбеттер уақыты» атыс-шабыс фильмі.

 

* Материал Rentrak пен Ticketon.kz жүйелерінің мәліметтері бойынша дайындалды

Қазақстанда Rentrak жүйесіне «Chaplin Cinemas» кинотеатрлар желісі қосылған.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Венера Нығматулина

Актриса

Санжар Мәди

Актер