È

«Навстречу мечте» фильм-мюзиклі көрерменге асығады

«Навстречу мечте» мюзикл-фильмін «Хабар» телеарнасынан көрсетеді. Қазақстан киносы

Жаңа жылдық түнде «Хабар» телеарнасында «Навстречу мечте» алғашқы спорттық-комедия көрсетіледі. Жаңа жылдық мюзикл көрерменді ертегілік атмосферасы мен қызықты оқиғасымен қуантпақ.

«Фильмнің идеясы Ұлттық спорт комитетіне тиесілі, олар екінші жыл қатарынан спорттық жүлдені ұйымдастырады. Биыл комитет барлық спортшыларды ерекше тәсілмен құттықтауды ұйғарыпты, нақтырақ айтқанда кино түсірген. О баста бағдарлама ретінде түсірілмек болған, кейіннен спорттық-музыкалық комедияға өзгертілді. Қаржылай қолдауды комитеттің өзі және коммерциялық ұйымдар мен демеушілер көрсетті, - дейді продюсер Ринат Кұтдұсов.

«Навстречу мечте» фильмінен кадр

Фильмнің басты кейіпкерлері - Олимпиада ойындарындағы біздің триумфаторлар. Өздерін актер ретінде сынап көргендер: Данияр Елеусінов, Василий Левит, Дмитрий Баландин, Серік Сапиев, Зульфия Габидуллина, Елдос Сметов, Жазира Жаппарқұл, Гюзель Манюрова, Бақтияр Артаев, Ниджат Рахимов, Александр Винокуров және басқалар. Көрермендер спортшыларды жаңа қырынан таниды. Кейбіреулер өздерінң дауыстарымен таң қалдырып, тіпті рэп орындайды, енді біреулер пластикасын, әртістігін паш етеді.

Армандар орындалады

«Навстречу мечте» фильм-мюзиклі Санжар есімді бала туралы, ол қолдан жасалған алтын медальды өз қолымен боксшы Василий Левитке тапсыруды армандайды. Арманының орындалуын тілеген Санжар оқиғаның өзгеруіне себепкер болады. Жаңа жылдық түн қызықты оқиғаларға толы болмақ, осы түні әркімнің өз арманы орындалады.

«Танымал спортшылармен бірге фильмге түсу мен үшін өте қызық болды. Барлығы өте көңілді өтті. Әсіресе би қойылымдарын бақылау маған өте қызық болды. Түсірілім тез бітіп қалды, жалғаса түскенін қалап едім», - дейді басты рөлді орындаушы, жас актер Ермүрат Өтепбергенов.

«Навстречу мечте» фильмінің түсірілімі

Түсірілімге белгілі әртістер де түсті.Түсірілім алаңына Ерболат Тоғұзаков, Төлепберген Байсақалов, Әсел Ақбарова, Шәріп Серік, Дарья Александрова секілді актерлер мен Роза Рымбаева, Дильназ Ахмадиева, Нұрлан Абдуллин, сондай-ақ КешYou, RinGo, «Орда» топтары және басқа да эстрада жұлдыздары қатысты.

«Навстречу мечте» комедиясының тұсаукесері 31 желтоқсанда 22:30 «Хабар» телеарнасында.

12 қаңтардан бастап фильм кинотеатрларға прокатқа шығады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Асылхан Төлепов

Актер

Аян Өтепберген

Актер