È

Алдияр Байрақымовтың «Шек» фильмі «Үзілген жапырақтар» ХКФ-де марапатталды

Алдияр Байрақымовтың «Шек» фильмі «Үзілген жапырақтар» ХКФ-де марапатталды

Беларусь астанасы Минскте 25-ші мерейтойлы «Үзілген жапырақтар» кинофестивалі өтті. Отандық режиссер Алдияр Байрақымовтың «Шек» фильмі үздік сценарий үшін қазылар алқасының арнайы жүлдесімен марапатталды.

«We won! The best script! Жеңіс! «Үзілген жапырақтар» халықаралық кинофестивалінде «Шек» фильмі үшін үздік сценарий!!! Барлық топ пен жақындарымды құттықтаймын!», - деп жазды Алдияр өзінің Инстаграм парақшасына.

Сондай-ақ, «Шек» «фильмде балалар зорлығы мен онымен күресуге қатысты маңызды тақырыпты аша білгені үшін» ЮНИСЕФ қорының көзіне түсті.

Сюжетте түрлі тағдырлары бар үш жасөспірім сипатталады. Әрқайсысы барлық тұрмыстық қиындықтардан өтіп, өздерін және өмірдің мәнін табуға тырысады.

«Шек» фильмінен көрініс
«Шек» фильмінен көрініс

Сонымен қатар, қор жүлдесін сербиялық режиссер Рашко Мильковичтің «Мыстандарды аңду» дебютті толық метрі иеленді.

«Алтын үзілген жапырақтар» Бас жүлдесінің иегері режиссер Ликарион Вайнайнаның «Супа Модо» фильмі атандды. Картина бұрын Кенияның атынан «Оскар» жүлдесіне ұсынылған болатын. Таспа қауіпті аурумен ауыратын қыз жайлы баяндайды, ол ауруына қарамастан, өмірге деген қызығушылығы мен әлемге деген махаббатын өшірмейді.

«Үзілген жапырақтар» ХКФ 1994 жылдан бері жыл сайын Минскте өткізіліп келеді. Фестиваль байқауы төрт бөлімнен тұрады: «Көркемсуретті кино», «Деректі кино», «Лiстападзiк» балалар мен жасөспірімдер аудиториясына арналған фильмдер байқауы», «Ұлттық байқау».

«Үзілген жапырақтар» әрдайым қызықты коммерциялық емес киноларды әкеледі. Қорымыз балалар құқығын қорғаумен айналысады, біз балалар мен жасөспірімдерге көмектесіп, олардың жеке даралығын айқындауға, дамытуға, шығармашылық қабілеттерін шыңдап, жобаларын жүзеге асыруға көмектесеміз деп үміттенеміз. Сондықтан, жасөспірімдерге қызықты болатын, оларға бағыт-бағдар беретін киноларға үлкен мән береміз», - деп бөлісті БҰҰ Балалар қорының әлеуметтік өкілі Егор Новиков.

Кинофестиваль 9 қараша күні аяқталады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер