È

Дәстүрлі емес жыныстық көзқарас туралы түсірілген «Айбек» фильмі PLURAL+ кинофестивалінде көзге түсті

Дәстүрлі емес жыныстық көзқарас туралы түсірілген «Айбек» фильмі PLURAL+ кинофестивалінде көзге түсті

Дәстүрлі емес жыныстық көзқарас туралы түсірілген «Айбек» атты отандық фильм Халықаралық PLURAL+ жастар кинофестивалінде ерекше көзге түсті. Қысқаметражды таспа қазылар алқасының сыйлығына ие болды. Байқау АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында БҰҰ қолдауымен өткізілді.

«Айбек» фильмі – дәстүрлі емес жыныстық көзқарасы бар қазақстандық жігіт туралы баяндайтын ойнамалы қысқа метр. Жігітке оңай болған жоқ. Оның әрбір күні қоғамға қарсы күреспен өтеді.

Идея авторы әрі режиссері - Айша Селімгереева, қоюшы-операторы - Әлихан Смағұлов. Сондай-ақ, таспа түсіріліміне Алдан Баймахан мен Арай Алтаева атсалысты.

«Айбек» фильмінен көрініс

PLURAL+ - әлеуметті біріктіру, түрлілік, миграция сұрақтарына арналған жастар кинофестивалі. Байқаудың мақсаты – шығармашылық жолы арқылы жастардың өз-өздерін көрсетуі. Фестиваль Біріккен Ұлттар Ұйымы өркениет Альянсының (UNAOC) және Миграция Халықаралық ұйымының (МОМ – БҰҰ миграция агенттігі) қолдауымен өткізіліп келеді. Байқауға 12-25 жас аралығындағы жастар қатыса алады.

«Айбек» фильмі Желіге жүктелген, қазіргі таңда жағымды әрі жағымсыз пікірлерге ие болуда.

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Сакен Олжабай

17 қараша 2017, 14:39

страна, где киногероями становятся не полицейские, военные и пожарные, а, геи...

Таныс бейне

Құралай Анарбекова

Актриса

Нұрлан Әлімжанов

Актер