È

Ақан Сатаевтың «Она» фильмі XXII Халықаралық Пусан кинофестивалінің қатысушысы атанды

Ақан Сатаевтың «Она» фильмі XXII Халықаралық Пусан кинофестивалінің қатысушысы атанды. Қазақстан киносы

Ақан Сатаевтың «Она» көркем фильмі BIFF (Busan International Film Festival) XXII Халықаралық Пусан кинофестивалінің байқау бағдарламасына енді. Кинотаспа «Азиаттық кино терезесі» бөлімінде таныстырылады. Кинокөрсетілім 12-21 қазан аралығында Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында болады.

Ақан Сатаевтың «Она» фильмі триллер жанрында түсірілген, оқиға заманауи қалада болған. Басты кейіпкер қызымен бірге бірқалыпты өмір сүреді: жұмыс, саябақта серуендеу және фильмдер көру. Бір қарағанда, ешқандай да ерекшелік жоқ. Бірақ, кейіпкерлер – үлкен қаланың жалғыз ғана тұрғындары.

Busan International Film Festival 1996 жылдан бері өткізіліп келеді. Биылғы жылы кинобайқауға әлемнің 75 елінен 298 жұмыс қатыспақ. Қазақстандық фильмге «Азиаттық кино терезесі» бөлімі арқылы көрсетілетін бәсекелес туындылардың саны 56-ны құрайды. Оларды Катар, Қытай, Үндістан, Иран, Непал, Таиланд, Филиппин және Жапония режиссерлары түсірген. Қатысушыларды халықаралық қазылар алқасы анықтайтын болады, олардың құрамында Австралия, Ұлыбритания, Үндістан, Индонезия, Малайзия, Ресей, АҚШ және Оңтүстік Корея елдерінің кино қайраткерлері бар.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Геннадий Балаев

Актер

Нұржұман Ықтымбаев

Актер