È

«Кариб теңізінің қарақшылары: Өлгендер ертегі айтпайды» фильмі Қазақстандағы кассалық жинақ бойынша «Галактика Сақшылары. 2 бөлім» картинасын басып озды

25-28 мамыр аралығындағы кассалық жинақ

Өткен аптада көрермендерге екі фильм: «Кариб теңізінің қарақшылары: Өлгендер ертегі айтпайды» және «Оңтүстік құбыжықтары» картиналары ұсынылды.

Алдыңғы аптаның сөзсіз үздігі* - «Кариб теңізінің қарақшылары: Өлгендер ертегі айтпайды» шытырман оқиғалы картинасы. Американдық франшизаның бесінші бөлімі айналымның алғашқы аптасынан-ақ 983 298 800 теңге жинап, «Галактика Сақшылары. 2 бөлім» (867 304 000 теңге) фильмін басып озды. Үздік туындының режиссері атануға көпшілігі ұмтылды, олардың ішінде Тим Бёртон, Сэм Рэйми, Крис Вайц та бар. Ақыр соңында Хоаким Роннинг пен Эспен Сандберг бөліп алды. Картинаның негізгі түсірілімі Австралияда өтіп, үш айға созылған. Әлем бойынша кассалық жинағы 963 миллион долларды құрады.

Бірінші орыннан екінші қатарға түсіп қалған фильм – «Артур патшаның қылышы» шытырман оқиғалы картинасы. Фильм 106 619 600 теңге табыс тапты. Чарли Ханнэм картинаға түсу үшін өзін жақсы формаға келтіретінін айтып, режиссерға уәде берген еді. Яғни, ол бір күнде 500 рет кеудені жерден көтеріп, жаттығу жасаған. Белгілі болғандай, жобаға қатысу үшін көптеген құрбандыққа барғандардың тізімінде тек Ханнэм ғана емес екен. Микаэл Персбрандт «Комиссар Мартин Бек» хикаясына түсуді тоқтатқан. Әлемдік жинағы - 95 миллион доллар.

«Артур патшаның қылышы» фильмінен көрініс

Рейтингтің үшінші орнына Ридли Скоттың «Бөтен. Өсиет» жұмысы жайғасты. Ол 45 182 700 теңге жинаған. Басында басты әйел рөліне Ребекка Фергюсон («Тірі» 2017) үміткер болған еді, нәтижесінде рөлге Кэтрин Уотерстон («Фантастикалық мақұлық және олар қайда мекендейді» 2016) ие болды. Кэтрин үшін аталмыш жоба Майкл Фассбендермен жасаған екінші біріккен жұмысы болды. Картина әлем бойынша 120 миллион доллар жинады.

«Галактика Сақшылары. 2 бөлім» қиял-ғажайып кинотаспасы апта өткен сайын кассалық жинақ жағынан төмендеп бара жатыр. Бұл жолы картина төртінші орынға жайғасып, 30 354 980 теңге табыс тапты. Жобада актер Вин Дизелдің жұмысы көбейген тәрізді. Ол алдыңғы бөлімінде кейіпкер Грутты дыбыстаған болса, осы жолы Вин кейіпкердің қимылын орындады. Актер бұл жобада да Курт Расселмен қайтадан бірге жұмыс істеді. Олар бұрын «Форсаж 7» және «Форсаж 8» фильмдеріне бірге түскен болатын. Әлемдік жинағы 800 миллион долларға жуық, бұл негізгі бюджеттен төрт есе артық.

«Галактика сақшылары. 2 бөлім» фильмінен көрініс

«Үлкен» Ресей драмасы 19 496 400 теңге жинаған. Фильм түсірілімі үшін арнайы сахналық көріністер құрылып, Үлкен театрдың жарты залы үлкейтілген. Валерий Тодоровскийдің айтуынша, бұл әрекеттерге көп шығын кеткенімен, жеңіл болған. Өйткені, 24 сағат бойы босамай тұратын Үлкен театрдың залында фильм түсіру ыңғайсыздау еді. Картинаның алғашқы нұсқасы 3 сағатқа созылған болатын. Кейін келе фильм 2 сағатқа қысқартылды. Жалпы жинағы 3 миллион долларға жуық болды.

«Қанатты үштік» анимациялық картинасы 17 367 750 теңге табыс тапты. Мультфильм өндірісіне бес мемлекет: Люксембург, АҚШ, Норвегия, Бельгия және Германия атсалысты. Таспаның негізгі атауы - «Ричард есімді дегелек». Жобаға композитор ретінде бұрын «Паттайядағы ер балалар отырысы» француз комедиясымен жұмыс істеген Эрик Нево шақырылды. Сценарий авторы әрі режиссері - Реза Мемари.

«Қанатты үштік» мультфильмінен көрініс

Айналымда 5 миллионнан аз жинағандар: «Уолл-Стриттегі аңшы» - 3 948 600 теңге, «Құдай сауыттары: Қазына іздеу» - 3 985 150 теңге, «Париж күте тұрады» - 2 798 600 теңге.

Ал жеңіліске ұшырағандар: «Оңтүстік құбыжықтары» - 901 700 теңге және «Аулақ» - 858 000 теңге.

 

* Материал Rentrak пен Ticketon.kz жүйелерінің мәліметтері бойынша дайындалды

Қазақстанда Rentrak жүйесіне «Chaplin Cinemas» кинотеатрлар желісі қосылған.

3 пікір

Пікір қалдыру үшін

Болат Кисамбаев

12 тамыз 2017, 14:40

насколько мне известно пятые пираты стали самыми кассовыми во всем СНГ))

Болат Кисамбаев

12 тамыз 2017, 14:43

"Кассовые сборы по миру пока составляют 963 миллионов долларов." откуда такие данные? Если считать сборы по миру, то пятые Пираты не дотянули даже до 750 млн? И то, сборы сейчас спустя почти 2 месяца с момента публикации, а у вас какие-то космические 963 млн вылезли? Откуда и как?

Болат Кисамбаев

12 тамыз 2017, 14:44

сборы в США $171 453 090 сборы в мире + $610 084 380 = $781 537 470 итоговые сборы на 12.08.2017

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер