È

«Соңғы жауынгер» фильмі қазақстандық айналымда 49 млн. теңгеден аса қаржы жинады

19-22 қазан аралығындағы кассалық жинақ

Өткен демалыс кассалық жинаққа сараңдау болып шықты. Қазақстандағы кассалық жинақтың ең жоғары көрсеткіші 50 миллион теңгеге тең, ал төменгісі 200 мың теңгеден сәл жоғары. Отандық көрерменнің көңілінен қай фильмдердің шыққанын төмендегі жазбадан біле аласыздар.

Кассалық жинақ рейтингісінің көшін «Соңғы жауынгер» ресейлік фильмі бастап тұр, ол 49 983 868 теңге көлеміндегі қаржыға ие болған. Бұл - Дмитрий Дьяченконың сегізінші режиссерлік жұмысы. Оның «Еркектер не туралы айтады екен?» және «Париждегі ас үй» картиналары танымал. «Соңғы жауынгер» фантастикалық фильмі соңғы үш жылда көрсетілген ресейлік картиналардың арасында үздік жинақ жинаған туынды болды. Картинаның Ресейдегі жинағы 11 626 662 рубльді құрайды.

«Голем» детективті хикаясы тұсаукесерлі аптада 35 410 850 теңге жинады. Картина Питер Акройдтың «Лаймхаустан шыққан Дэн Лино және Голем» романының негізінде түсірілген. Қолжазба 1994 жылы жарияланған. Бастапқыда басты рөлге Алан Рикман бекітілген еді, бірақ актер обырдан қайтыс болады. Оның орнына Билл Найи («Шынайы махаббат») түскен.

«Соңғы жауынгер» фильмінен көрініс
«Соңғы жауынгер» фильмінен көрініс

«Арамызда таулар бар» кинотаспасы 16 638 200 теңге көлемінде пайда тапты. Таспаның түсірілімі Ванкувер мен Британ Колумбиясында, Канадада өткен. Фильм Идрис Эльба үшін 72-ші жоба болды. Кейт Уинслет үшін 51-ші кино жұмысы еді. Биылғы жылы Вуди Алленнің және Кейт Уинслеттің қатысуындағы «Ғажайыптар дөңгелегі» картинасы шығуы керек.

«Салют-7» фантастикалық фильмі 9 680 623 теңге жинады. Картина екі апталық айналымда 36 611 841 теңге жинаған. Таспа Санкт-Петербург маңында, ғарыш декорациялары құрылған арнайы ангарда және Мәскеу мен АҚШ-та түсірілген. Түсірілім уақыты 83 күнге созылған.

«Салют-7» фильмінен көрініс
«Салют-7» фильмінен көрініс

Борис Хлебниковтың «Аритмия» драмасының жинағы 5 505 000 теңгеге тең. Режиссер үшін фильм соңғы бес жылда түсірілген алғашқысы болды. Хлебниковтың айтуынша, картина негізіне оның достарының оқиғасы арқау болған, достары бір-бірінен ажырап қалғанымен, жалдамалы пәтерден көптен бері кете алмаған. Сценарий жазуға Наталия Мещанинова көмектескен.

«Жүзбен жүгіруші 2049» картинасы үшінші аптада 4 700 975 теңге жинаған. Жалпы жинағы 99 348 707 теңгені құрайды. Кейіпкерлердің костюмдерін Рене Эйприл ойлап тапқан, ол Дени Вильнёвтің алдыңғы картиналарының барлығымен жұмыс істеген. Ал Джаред Летоның қатысуындағы көріністер екі апта бойы түсірілген.

«Қарғыс. Біздің күндер» қорқынышты фильмі жинақты 4 376 663 теңгеге толтырды. Түпнұсқа атауы «Керу» деп аударылады. Қоюшы-операторы Даниэль Араньо болды. Бұл оның режиссер Ксавье Жанспен бірге жасап жатқан алғашқы жобасы емес. Екеуі бұрын «Атлантиданы» (2017) түсірген.

«Геодауыл» фильмінен көрініс
«Геодауыл» фильмінен көрініс

«Елестер үйі» хорроры 3 188 018 теңге жинады. Фильмді Рич Рэгсдэйл түсірген, ол кино әлемінде режиссер ғана емес, композитор ретінде де танымал. Ол «Механикалық үлкен адам» және «Үлкен өзен адамы» картиналарына музыка жазған. Таспа Таиландта, Бангкокта түсірліген.

Үш миллионнан төмен жинаған фильмдер: «Геодауыл» - 1 882 700 теңге, «Америкада жасалған» - 1 565 553 теңге және «Kingsman: Алтын сақина» - 244 800 теңге.

Аптаның аутсайдерлерінің арасында Рашид Сүлейменовтың «Арман» драмасы бар. Картина 524 450 теңге жинаған. Оның айналымдағы жинағы 18 880 200 теңгені құрады.

 

*Материалдар Meloman Entertainment компаниясының, Comscore және Ticketon.kz жүйелерінің мәлеметтері бойынша дайындалды

Қазақстанда Comscore жүйесіне Chaplin Cinemas, Star Cinema және Арсенал кинотеатрлар желісі қосылған

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

6 қараша 2017, 13:36

Богатырь, Россия отстает по кино индустрии. потому перешла на исторические фильмы о забытых богатырях

Таныс бейне

Санұржан Сүлейменов

Актер