È

«Районы» фильмі қолжетімді бола түсті

«Районы» фильмі қолжетімді бола түсті

Режиссер Ақан Сатаевтың «Районы» фильмі барша қазақстандықтарға қолжетімді бола түсті. Өткен ғасырдың 80-інші жылдарындағы Алматы райондары туралы фильмнің авторлары фильм билетінің құнын арзандатты. Продюсер Ернар Құрмашевтың айтуынша, картинаның танымалдығы олардың осындай қадам жасауына түрткі болған.

«Біз көрермендерден небір жағымды пікірлерді естіп жатамыз. Әрбір қазақстандық біздің фильмімізді кинозалдардан тамашаласын деген мақсатта барлық кинотеатрлардағы билет құнын 30 пайызға төмендеттік.Сөз жоқ, бұл отандық кинемотографта бұрын болмаған жағдай», - дейді Ернар Құрмашев.

«Районы» фильмінің түсірілімі .

Сондай-ақ продюсер «Районы» фильмінің жалғасы болатынын да айтты. Екінші бөлімнің сценарийі жазылу үстінде.

Айта кету керек фильм прокатқа шыққан үш аптада қоржынға миллиондап табыс әкеліп жатыр.

Фотолар «Google» іздестіру жүйесінен алынды

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер