È

«Шелковый путь Марко Поло» фильмі Миланда көрсетіледі

 «Шелковый путь Марко Поло» фильмі Миланда көрсетіледі

Қазақстандық ғылыми-танымдық фильм «Шелковый путь Марко Поло» Африка, Азия және Латын Америкасындағы 27 фильмдер фестивалі аясында көрсетіледі. Кинофестиваль 19-26 наурыз аралығында Миланда, Италияда көрсетіледі. Отандық картинаның көрсетілімі 23 наурызда Spazio Oberdan кинотеатрында.

«Шелковый путь Марко Поло» фильмі Ұлы далаға саяхат жасаған итальяндық саудагер Марко Полоның «О разнообразии мира» кітабының негізінде түсірілген. Фильмде Орталық Азия және қазіргі Қазақстан аумағы анық суреттеледі. Кинолента қазақстандық, итальяндық және қытай мамандарының бірлескен жұмысы. Жобаны жүзеге асыру ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің мұрындық болуымен Қазақстандағы ғылыми-зерттеу институтына тапсырылды.Режиссеры Алексей Каменский, продюсеры - Марио Дюкодрей.

Африка, Азия және Латын Америкасындағы фильмдер фестивалі - Италия киноөндірісінде жыл сайын ұйымдастырылатын ерекше шара. Биыл кинофестиваль бағдарламасында 60 фильм таныстырылады.

«Шелковый путь Марко Поло» фильмін түсірушілер картинаны Италия, Қытай және АҚШ көрермендеріне көрсетуді жоспарлап отыр.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер