È

«Свадьба.kz» фильмі айналымға шығады

«Свадьба.kz» фильмі айналымға шығады

Алматыда «Свадьба.kz» фильмінің тұсаукесерлі көрсетілімі өтті, режиссері кіші Валерий Задарновский болды. Идея авторы және бас продюсері - Жан Мұқанов.

Сюжетте көп қыздардың арманы Тәуекел Мүсілім жайлы баяндалады, ол арманындағы қызбен отау құруды ұйғарады. Бірақ, басты мәселе – бойжеткен әлі табылмады. Тәуекелдің жүрегіне бірнеше қыз үмітті. Кейіпкеріміз кімді таңдар екен?

«Свадьба.kz» фильмінен көрініс
«Свадьба.kz» фильмінен көрініс

Фильмде Тәуекел Мүсілім өзін-өзі ойнады. Қалыңдықтардың рөлін Айым Сейтметова, Дарья Александрова, Дина Тасболатова сомдады.

Сонымен қатар, таспаға Жахан Отарғалиев, Төлепберген Байсақалов, Дильназ Ахмадиева, Newton тобы, блогер Артур Асқарұлы түсті.

«Мен фильм түсіруді ұйғардым, бұл жақсы идея болып көрінді. Мен Тәуекелді жақсы көремін, ол әрдайым жанымда қолдау білдіріп отырады, сондықтан мен оны таңдадым. Менімен бірге өз ісінің нағыз мамандары жұмыс істеді, жұмыстың көп бөлігі түсірілім тобына артылды, сондықтан мен айтарлықтай қиындықты сезген жоқпын», - деді Жан Мұқанов.

«Свадьба.kz» фильмінен көрініс
«Свадьба.kz» фильмінен көрініс

Режиссердің айтуынша, Тәуекелден басқа актерлар өз рөлдеріне кастингтен кейін бекітілген.

Романтикалық комедия Алматыда 16 күннің ішінде түсірілді.

«Свадьба.kz» комедиясы биылғы жылдың 13-ші желтоқсанынан бастап көрсетіледі. Таспаның кестесі кинотеатрлар афишасында қол жетімді.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер

Құралай Анарбекова

Актриса