«Тараз» фильмі әлі де көш бастап тұр
Өткен демалыс күндеріндегі прокатта отандық лента «Тараз» көш бастады. Нұртас Адамбайдың криминалдық драмасының кассалық табысы 6 409 460 теңге. Тұсаукесерлік аптада фильм 85 миллион теңге жинап үлгерген болатын. Картинаның жалпы бюджеті - 400 мың доллар.
Екінші орында «Инферно» триллері, табысы – 5 295 400 теңге. Құпиясын аздап ашайық: фильмдегі Зобрист вирусы қарапайым құрманан тұрады: 40% су, 30% сұйіқ май, 30% томат кетчупы. Фильмнің бюджеті - 75 миллион доллар.
Көшбасшылар қатарындағы үшінші фильм «Кубо. Легенда о самурае» балалар анимациясы. Laika Entertainment студиясының негізін қалаушы Трэвис Найттың режиссерлық дебюті 4 382 370 теңге пайда тапты. «Кубо. Легенда о самурае» - stop-motion технологиясын пайдаланып түсірген ең ұзақ анимациялық фильм. Картинаның бюджеті - 60 миллион доллар.

«Кубо. Легенда о самурае» мультфильмінен кадр
«Ледокол» фильмі тұсаукесерлік күндері 3 808 820 теңге қаржы түсірді. Ресейлік драма Антарктида маңында болған оқиға желісімен түсірілген. Шындығында кеме «Михаил Сомов» деп аталған, фильмде мұз жарқыш «Михаил Громов» деп аталады. лентаның бюджеті бар болғаны 10 миллион доллар.
Прокат көшбасшыларының бестігін қорытындылаған Тим Бертонның «Дом странных детей Мисс Перегрин» фильмі. Фантастикалық оқиға 3 648 920 теңге пайда түсірді. Көптеген табынушылар кейбір персонаждардың өзгергенін байқайды. Түпнұсқа кітапта доктор Голан – ер персонаж, ал фильмде ол әйелге өзгертілген, оны ойнаған актриса Эллисон Дженни. Кітапта Эмма отты басқара алатын, ал фильмде ол ауаны басқара алады. картинаны түсіруге 110 миллион доллар жұмсалыпты.
Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» драмасы осы аптада 2 999 250 теңге жинады. Фильммен 130 сарапшы маман жұмыс істеген: фильмдегі жалпы көріністерге 500-дей актер тартылған, сондай-ақ 300-дей қару қолданылды.

«Служанка» фильмінен кадр
Миллион табыс тапқандар: «Аисты» - 2 161 760 теңге және «Джек Ричер 2: Никогда не возвращайся» - 1 825 440 теңге.
Милионға сәл жетпегендер: «С вещами на вылет» - 507 500 теңге, «Служанка» - 476 400 теңге, «Суперплохие» - 408 800 теңге, «Зачинщики» - 380 300 теңге.
* Материал Rentrak жүйесі бойынша әзірленді. Қазақстанда Rentrak жүйесіне Chaplin Cinemas кинотеатрлар желісі қосылған.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін