È

Алмаз Амандосовтың «Vengeance Oil» фильмі Action On Film Festival-ге қатысады

Алмаз Амандосовтың «Vengeance Oil» фильмі Action On Film Festival-ге қатысады. Қазақстан киносы

Алмаз Амандосовтың «Vengeance Oil» қысқаметражды таспасы «Action On Film Festival» кинофестивалінің байқау бағдарламасына енді. Экшн-фильмдер көрсетілімі 17-26 тамыз аралығында Лас-Вегаста өтеді.

«Vengeance Oil» фильмі АҚШ әскерінің бұрынғы әскери қызметкері туралы баяндайды. Оның әйелі қауіпті қылмыскердің құрбанына айналады. Кек алуды ойлаған ер азамат қанішердің артынан аңдиды. Кейіпкер әділдікке қол жеткізу үшін көптеген сынақтардан өтеді.

Картина былтырғы жылдың соңында Лос-Анджелесте түсірілді. Түсірілімге 20 адамнан құралған топ атсалысты. Қоюшы-операторы - Джастин Кнодел. Басты рөлдерді американдық актерлар Эндрю Фульц, Роберт Фактор, Сэм Мэйсон және Италиядан келген актриса Джулия Джованетти сомдады.

«Vengeance Oil» фильмінен көрініс

Action On Films Festival 2004 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді. Шараның мақсаты – бүкіл әлемнің тәуелсіз киносын қолдау. Фестивальдің негізгі жанры - экшн-фильмдер. Байқауға қатысушылар келесі номинациялар бойынша таласқа түседі: «Үздік режиссер», «Үздік сценарий», «Үздік операторлық жұмыс», «Үздік монтаж», «Үздік саундтрек» және «Үздік визуалды эффект».

Еске сала кетсек, жас режиссер Алмаз Амандосов бұрын «Hoochie Coochie Man» қара комедиясын түсірген болатын.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Игорь Бабичев

Актер

Максим Митрофанов

Актер

Джон О’Нил

Актер

Талас Бойченко

Актер

Сәбит Мұстафа

Актер