È

«Ертеңгі теңіз» фильмі Festival International Jean Rouch-та жүлдеге ие болды

«Ертеңгі теңіз» фильмі Festival International Jean Rouch-та жүлдеге ие болды

«Ертеңгі теңіз» фильмі Парижде өткен 36-шы Festival International Jean Rouch деректі фильмдер фестивалінде көзге түсті. Отандық картина байқау бағдарламасына қатысып, «Антропологиялар және табысты өркендеу» жүлдесіне ие болды. Кинотаспаны француздық көрермендерге режиссер Катерина Суворова ұсынды.

«Ертеңгі теңіз» фильмі Арал теңізінің мәселесіне арналған. Хикая кейіпкерлері – экологиялық апаттан соң өмір сүре білуді үйреніп, болашаққа жоспар құрып жүрген тұрғындар.

Картина түсірілімі Роберт Боштың неміс қорының қолдауымен өткізілді.

«Ертеңгі теңіз» фильмінен көрініс
«Ертеңгі теңіз» фильмінен көрініс

Festival International Jean Rouch – француз дерекшісі, сценарист әрі этнограф Жан Руштың құрметіне қойылған деректі фильмдер байқауы. Фестивальдің басты мақсаты – көрермен назарын әлеуметтік, мәдени және экологиялық мәселелерге аудару. Кинокөрсетілім ЮНЕСКО бастамасымен құрылған Халықаралық этнографиялық және әлеуметтік киносы комитетімен өткізіліп келеді.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер

Вадим Шлахтер

Актер

Анастасия Фёдорова

Актриса