«Әкеге қоңырау шалу» фильмі «Шығыс&Батыс. Классика мен авангард» ХКФ-де үздік атанды

Режиссер Серік Апрымовтың «Әкеге қоңырау шалу» картинасы XI Халықаралық «Шығыс&Батыс. Классика мен авангард» кинофестивалінде лауреат атанды. Фильм халықаралық байқау бағдарламасында таныстырылып, «Үздік фильм» номинациясында жеңіске жетті.
«Әкеге қоңырау шалу» фильмінің кейіпкері – психикалық дамуында ақауы бар ауылдық бала Еркен. Еркеннің анасы қысым мен жауапкершіліктен қашып, үйден кетіп қалады. Балақай әкесімен қалып, жартылай бүлінген үйлерді жинауға және кірпіштерді сатуға көмектеседі. Жағдайға қарамастан, Еркен мектепке баруды армандайды.
_rz9g(1).jpeg)
Фильм кейіпкерлерін Жігер Мырзабек, Ерболат Оспанқұлов, Айзада Сатыбалдиева, Нұрлан Жұмагали және Темірлан Қисықбаев сомдады.
«Шығыс&Батыс. Классика мен авангард» кинокөрсетілімі Ресейдің Оренбург қаласында өтті. Қазақстандық таспаға түрлі елден келген 9 картина бәсекелес болды. Олардың арасында жүлделі болған фильмдер: «Аға» - «Үздік режиссер» номинациясы, Милко Лазаров (Болгария, Германия, Франция), «Шахтёр» - «Үздік актер» номинациясы, Леон Лючев (Словения) және «Құдай бере салғандар» - «Үздік актриса», Лина Хоудри (Франция, Бельгия, Катар).
Айта кетсек, алдыңғы жолы «Әкеге қоңырау шалу» ресейлік «НИКА-2018» киножүлдесіне ұсынылған болатын.
.jpg)






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін