È

Серік Апрымовтың «Әкеге қоңырау шалу» фильмі «Ника» жүлдесіне үміткер

Серік Апрымовтың «Әкеге қоңырау шалу» фильмі «Ника» жүлдесіне үміткер

Серік Апрымовтың «Әкеге қоңырау шалу» драмасы 31-ші ресейлік «Ника» жүлдесінің шорт-парақшасына енді. Картина «Балтия және ТМД елдерінің үздік фильмі» аталымына ұсынылды.

Қазақстандық фильммен бірге үздік атануға 4 таспа бәсекеге түседі: Ақтан Арым Құбаттың «Кентавры» (Қырғызстан), Виталий Манскийдің «Туғандары» (Латвия - Эстония - Украина), Игорь Кристолдың «Мамырдың соңғы күні» (Молдавия) және Эльдар Шенгелаяның «Жұмсақ орындық» фильмі (Грузия).

«Әкеге қоңырау шалу» фильмі қатарластарынан өзгешеленетін Еркен есімді ауылдың баласы туралы баяндайды. Оны қарапайым мектепке қабылдамайды, ал әкесі қалаға көшуді қаламайды. Бірақ кейіпкердің арманы – мектепте оқу.

Айта кету керек, бұл Серік Апрымовтың Ресей кинематография өнер академиясы марапатына ұсынылған алғашқы жобасы емес. 2005 жылы оның «Аңшы» фильмі «Балтия және ТМД елдерінің үздік фильмі» жүлдесімен марапатталған болатын.

Салтанатты марапаттау рәсімі Мәскеуде 2018 жылдың 1 сәуірінде өтеді.

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Maxim Bogomolov

11 наурыз 2018, 13:32

Круто!

Таныс бейне

Айнұр Ниязова

Актриса