È

«Сенім жолында» және «Морис Симашко әлемі» фильмдері халықаралық фестивальдерде көрінді

«Сенім жолында» және «Морис Симашко әлемі» фильмдері халықаралық фестивальдерде көрінді. Қазақстан киносы

Әсия Байғожинаның «Сенім жолында» деректі фильмі Ресейдің Севастополь қаласында өткен «Бірге жеңдік» («Победили вместе») деректі фильмдер мен телебағдарламалар Халықаралық фестиваліне қатысты. Кинотаспа үздік әлеуметтік-философиялық телевизиялық жұмыс үшін Джемма Фирсова сыйлығына ие болды. Ал басқа деректі картина - Александр Головинскийдің «Морис Симашко әлемі» фильмі Польша Халықаралық кинофестивалінің «Үздік деректі фильмі» деп танылды.

Әсия Байғожинаның «Сенім жолында» картинасы заманауи қазақ қоғамындағы ислам дінінің радикалды ағымдары туралы баяндайды. Туындының шығуына қоюшы-операторлар Ренат Қосай мен Нұрсат Әкімхан, сценарийдің қосалқы авторы Мереке Қасен және фильм директоры Нұргүл Нұржігітова атсалысты. «Бірге жеңдік» кинофестиваліне 16 елден барлығы 65 картина қатысты. Оның ішінде, Австрия, Армения, Беларусь, Ұлыбритания, Ресей, Грузия, Украина, Чехия, Франция елдерінен келген жұмыстар бар.

Александр Головинскийдің «Морис Симашко әлемі» кинотаспасы Ұлы Отан соғысының ардагері, халық жазушысы, Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» туындысын аударғаны үшін Абай сыйлығының лауреаты атанған Морис Симашконың өмірі мен шығармашылығына арналады. Картина бұрын «DetectiveFest» ХКФ-де және «Бірге» («Вместе») Халықаралық телекинофорумында арнайы жүлделерге ие болған.

Деректі картинаның екеуі де ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен «Қазақфильм» киностудиясының негізінде түсірілген.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер

Құралай Анарбекова

Актриса