È

Олжас Нұрбаевтың «The Boon» фильмінің қазақстандық тұсаукесерінен фоторепортаж

Олжас Нұрбаевтың «The Boon» фильмінің қазақстандық тұсаукесерінен фоторепортаж

Қазақстандық режиссер Олжас Нұрбаев алматылықтарға «The Boon» қысқаметражды фильмін таныстырды. Отандасымыз картинаны Нью-Йорк кино академиясында оқып жүргенде, Лос-Анджелесте түсірген. Режиссердің айтуы бойынша, фильмде екі елге – Қазақстан мен Америкаға тән әлеуметтік мәселелер қозғалған.

«The Boon» фильмі – бұл адамзаттың аңкөңілділігі мен жігерлілігі жайындағы хикая. Бір күні панасыз жүрген еркек қоқыс жәшігінен тастанды сәбиді тауып алады. Сол нәресте кейіпкердің өмірін күрт өзгертіп жібереді.

«Көптеген достарым мен таныстарым фильмді Қазақстанда да көрсетуімді сұраған еді. Әрине, неге көрсетпеске?! Көрсетілім өтетін жерді таңдап алған соң, тұсаукесердің болатыны жайында әлеуметтік желілер арқылы хабарлап, барлығын шақырдым. Мені қолдап келген барша жандарға: достарыма, әріптестеріме, туыстарым мен барлық көрермендерге алғысымды білдіргім келеді»,-деді Олжас Нұрбаев.

«The Boon» қысқа метрінің тұсаукесерлі көрсетілімінің қалай өткенін арнайы фоторепортажымыздан тамашалаңыздар.

 

Paparazzi club сайт серіктестігінің суреттері

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер