È

«Күлбике» бродвей мюзиклінің тұсаукесерінен фоторепортаж

«Күлбике» бродвей мюзиклінің тұсаукесерінен фоторепортаж

Алматылықтарға алғаш рет Роджерс пен Хаммерстайнның «Күлбике» («Золушка») мюзиклінің бродвейлік нұсқасы таныстырылды. Театрлы-музыкалық оқиғаны «Нұр Отан» партиясының, Медеу ауданы әкімшілігінің және «Оқушылар сарайының» қолдауымен KELT бейкоммерциялық театрының студенттері қойған.

«Күлбикенің» бірінші көрермендерінің арасында арнайы шақырылған эстрада жұлдыздарымен қатар, еліміздің бетке ұстар кино қайраткерлері де бар. Аталмыш шарада Іңкәр Әбдіраш, Баян Есентаева, Кәмшат Жолдыбаева, Гүлназ Жоланова және т.б. төбе көрсетті.

Мюзиклдің қазақстандық нұсқасының режиссері Лора Пачини болды. Басты кейіпкерлер Күлбике мен ханзаданы актриса Эбби Гилберт және Gakku телеарнасының продюсері Тимур Балымбетов сомдады. Олар көрермендерді ғажайып вокалмен, бимен, жарқын киімдерімен және керемет актерлік ойынымен таң қалдырды.

Актриса Гүлназ Жоланова фильмнен алған әсерлерімен бөлісті: «Ғажайып қойылым! Мен қатты әсер алдым! Декорациялар, ән мен би, актерлардың ойыны – барлығы нағыз ертегідегідей болды. Бұл қазақстандықтар үшін әдемі әрі әсерлі жаңалық болды. Аталмыш шаралардың жиі өткізіліп тұрғанын қалаймын. Мен де өз бағымды осындай мюзиклде сынап көргім келеді, бірақ вокалды қасиетімнің кереметтілігіне күмәнім бар. Сондықтан, мұндай мюзиклдарды кәсіби мамандар сахналап, көрерменді қуанта берсін».

Мюзикл тұсаукесерінің қалай өткенін, оған кімдердің қатысқанын арнайы фоторепортаждан тамашалаңыздар.

 

Фотосуреттерді серіктесіміз Paparazzi club сайты ұсынды.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер