È

«Бойжеткен. Барлығы сол қыз үшін» фильмінің көрсетілімінен фоторепортаж

«Бойжеткен. Барлығы сол қыз үшін» фильмінің көрсетілімінен фоторепортаж

Кинотеатрларда Алмагүл Тілеуханованың продюсерлігімен «Бойжеткен. Барлығы сол қыз үшін» музыкалық мелодрамасы көрсетілуде. Кинотаспаның режиссері бұдан бұрын «Бойжеткен» қысқаметражды фильмін түсірген дебютант Абдель Фифтибай болды.

Фильмде Ерболат Ержанов, Әлия Наурызбаева, Қуаныш Жылжақсынов, Еркен Губашев ойнады.

Кинотаспа сюжеті музыканы жақсы көретін және кейде көшедегі өткен-кеткен адамдарға гитарада ойнап беретін 18-жастағы Ден жайлы әңгімелейді. Бір күні Ден Әлия есімді қызды көріп, бірден ұнатып қалады. Бірақ бойжеткен Алматыға жазға ғана келгендіктен, шынайы қарым-қатынасты қаламайды. Ден Әлияға ұнап, тығырықтан шыға ала ма?

Бір қызығы, бұрын Ерболат Ержанов партизандық кинода ойнаған болатын және «Бойжеткен» оның коммерциялық жобадағы алғашқы тәжірибесі.

Алдыңғы жолы біз «Бойжеткен. Барлығы сол қыз үшін» картинасы түсірілімінен көріністер жариялаған болатынбыз, енді фильм көрсетіліміндегі фотосуреттерге назар аударуды ұсынамыз.

 

Суреттер: Mono.kz

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер