«Бойжеткен. Барлығы сол қыз үшін»: Жаздың жылы күндері...

Қазақстандық айналымға Абдель Фифтибаевтың «Бойжеткен. Барлығы сол қыз үшін» дебюттік картинасы шықты. Романтикалық оқиға жергілікті кино үшін кейбір БАҚ-та ұзақ уақыт бойы той және келінсіз түсірілген қазақстандық фильм ретінде аталды. Мұны картинаның негізгі немесе жалғыз артықшылығы деуге бола ма?
Фильм оқиғасы жаздың екі айының айналасында өрбиді. Көше әншісі Даниэль Әнел есімді қызға ғашық болады, оның өзінен үлкен екендігі аздай, Әнел Калифорнияға үйіне қайтуды жоспарлап жүреді, сондықтан өзіне ғашық жігіттің әрекеттерін шынайы қабылдамайды. Ден Әнелдің көңілін табу үшін рок топ жинайды...
_r1c3.png)
Сонымен, артықшылықтары жайлы. Қазіргі қазақстандық фильмдерден «Бойжеткен» картинасының басты айырмашылығы - фильмде кемшіліктерге көз жұма қарауға болатын ерекше жылылық бар. Абдель Фифтибаевтың картинасының сюжеттік құрылымында қаланың жұмыссыз жігітінің ханшайымға ғашық болуы жайлы оқиға да айтылады. Оқиға Алладин ертегісі арқылы таныс (басты кейіпкерлер диснейдің мультфильмін келтіргені кездейсоқ емес). Бұл тізбек іске асты. Басты рөлді сомдаушылардың тәжірибесінің аздығына және үйреншікті диалогтарға қарамастан, ғашығы үшін бәріне дайын тұратын алғашқы махаббат оқиғасы сендіре білді.
Картинаның екінші артықшылығы - оның атмосферасы. Фильмнің көп бөлігі қала көшелерінде түсірілген. Режиссер қаланы үшінші басты кейіпкер ретінде алып, сол арқылы Ден мен Әнелді байланыстырады. Әнел үшін Алматы - бөтен және қызықсыз қала, ал Ден үшін – онсыз өзін елестете алмайтын туған үйі. Сонымен қатар, режисер қазақстандық кино үшін жауыр болған көшелерді түсіруден алшақтап, кейіпкерлерін «ескі орталық» саналатын «Бродвейдің» қараңғы қақпасында, фильм түсірілімі аяқталған соң жарты жылдан кейін Фурманов атауынан мәңгілікке айырылып, жаңа есімді иеленген көшедегі үйдің шатырында түсіреді.
_p2o9.png)
Ең соңында, үшінші артықшығы жайлы айтайық. Әуен. Фильм «Алматы жайлы кино, махаббат және рок-н-ролл» ұранын кездейсоқ ұзақ уақыт ұстанған жоқ. Рок-н-роллды білмедім, бірақ фильмде рок бар.Сазды, ескі және өте әлсіз (немесе жер астына түсіп кеткен). Бұл да қала көшелері сияқты фильм ауанына үйлесе кетті.
Кемшілігіне келер болсақ, бірден картинаның қазіргі заманға сай келмеуін айтуға болады. Абдель Фифтибаев сценарийді жазып, фильмді түсіргенде өзінің өмірлік тәжірибесі мен естеліктерін негізге алғаны анық. Бұл фильмге әрқашан пайда әкеле бермейді. Кейіпкерлер 2000-жылдардың ортасынан 2017-жылға келіп, ескі әуендерді тыңдап, сол уақыттың қағидасымен өмір сүруін жалғастырып және өздерінің қатарластарына мән бермейтіндей әсер қалдырады. Кейбір бөліктер отыздың табалдырығына жақындаған көрермендерге түсінікті болуы мүмкін, бірақ Ден мен Әнелдің қатарластарына емес.
_c439.png)
Жалпылай айтқанда, «Бойжеткен. Барлығы сол қыз үшін» - өмірдегі есте қалатын алғашқы махаббаттың және ерекше сәттердің атмосферасын сыйлайтын мықты дебют.
P.S. Картинада «А-Студио» тобының «Джулия» әні орындалады, бірақ фильмге алматылық ұжымның «Жаздың жылы күндері» әні көбірек үйлесетін еді.
Киноға барған Кәрім Қадырбаев
«Бойжеткен. Барлығы сол қыз үшін» фильмінің кестесі кинотеатр афишаларында қолжетімді.
Оцените рецензию
.jpg)







1 пікір
Пікір қалдыру үшін
Мырзахмет
8 наурыз 2018, 00:49в фильме, так, что в любви есть точка пика и холодный полюс. Когда, один из этих действии становиться моментом для наступления. То судьба проноситься ураганом, забирая двух этих пар под свое крыло. И это никто не объяснит и не поймет. Только будет плыть по течению. Наслаждаясь ее жизнью.