È

«Бойжеткен. Барлығы сол қыз үшін» мелодрамасы алғашқы көрермендерге көрсетілді

«Бойжеткен. Барлығы сол қыз үшін» мелодрамасы алғашқы көрермендерге көрсетілді

Режиссер Абдель Фифтибаев көпшілікке дебютті жұмысы - «Бойжеткен. Барлығы сол қыз үшін» жастар мелодрамасын таныстырды. Фильмнің тұсаукесерлі көрсетілімі Алматыда Chaplin Mega Park кинотеатрында өтті.

«Бойжеткен. Барлығы сол қыз үшін» - Абдель Фифтибаев бірнеше жыл бойы айналысқан жоба. 2017 жылы Alma pictures компаниясы сценарийлер байқауын ұйымдастырмағанда, қоюшы қаржыландыруды әлі де ұзақ іздер ме еді. «Бойжеткен. Барлығы сол қыз үшін» продюсер Алмагүл Тілеухановаға ұнап қалады да, ол толықметражды таспа жасауды ұйғарады.

Авторлар дайындыққа 3 айға жуық уақыт жұмсаған. Түсірілім тамызда басталып, 25 күнге созылды.

Абдель Фифтибаев
Абдель Фифтибаев

«Еске сақтап қалатын сәттер көп болды. Солардың бірі – кейіпкер концертте өнер көрсетіп жатқан түсірілім. Бұл түсірілім жылдам өтті. Біз оны трамвай депосында 6 сағаттың ішінде түсіреміз деп ойладық. Алайда, қалалық әкімшіліктің өкілдері тыйым салды. Ұзақ келіссөздердің нәтижесінде бізге 2 сағат берді. Сонымен қатар, Қапшағайдағы түсірілім де есте қалды. өте суық болғанымен, көңілді өтті», - деді Абдель Фифтибаев.

Сюжет бойынша жас музыкант Дэн тартымды Әнелмен танысады. Жігіт қыздың жүрегін жаулап алу үшін рок-топ құрып, жылдың басты фестивалінде өнер көрсетуді ұйғарады. Кейін Дэн Әнелдің штатқа қайта оралғысы келетінін біліп қояды. Жастардың хикаясы қалай аяқталар екен?

Кейіпкерлерді Әлия Наурызбаева мен Ерболат Ержанов сомдады. Егер Әлия үшін бұл кинодағы дебюті болса, Ерболат үшін толық метрдегі төртінші рөлі еді. Бұрын актер «Құрылысшылар» партизан киносында, «Қожайындар» мен «№6 істің куәгерлері» картиналарына түскен.

Әлия Наурызбаева мен Ерболат Ержанов

«Кейіпкерге қатысты қиындық туындады. Алдыңғы картиналардағы рөлдерден айырмашылығы, мен бұл жерде қиындықтарды бастан өткермеген жас жігітті сомдадым. Осындай азат, көңілді әрі ақкөңіл жігітті сомдау қызықты болды. Ол ғашық және махаббат үшін барлығына дайын», - деді Ерболат Ержанов.

Сонымен қатар, фильмге Қуаныш Жылжақсынов, Еркен Губашев, Александр Галаев және рок-әнші Әсем түсті.

«Бойжеткен. Барлығы сол қыз үшін» айналымға 1 наурыз күні шығады.

 

Фото: Mono.kz

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Maxim Bogomolov

28 февраля 2018, 12:06

Ак жол!

Таныс бейне

Сәбит Мұстафа

Актер

Ғабит Мұстафа

Актер

Ерлан Хайрушев

Актер