È

«Бойжеткен. Барлығы сол қыз үшін» фильмінің екінші трейлері жарыққа шықты

«Бойжеткен. Барлығы сол қыз үшін» фильмінің екінші трейлері жарыққа шықты

Желіде «Бойжеткен. Барлығы сол қыз үшін» жастар мелодрамасының екінші трейлері пайда болды. Фильмді Alma pictures продюсерлік компаниясы Remedy агенттігімен бірге түсірген.

«Бойжеткен. Барлығы сол қыз үшін» картинасының басты кейіпкерлері - Дэн мен Әнел. Ол – атаққа құмартқан көше музыканты, қыз Алматыға демалысқа келген, бірақ тезірек қаладан кетуге асығады. Алайда, кездейсоқ кездесу барлығын өзгертеді. Соңында кейіпкерлердің таңдауы қайсысына түседі: жеке амбицияларына ма, әлде махабатқа ма?

Мелодрамаға Ерболат Ержанов, Әлия Наурызбаева, Қуаныш Жылжақсынов, Еркен Губашев, Александр Галаев, Наиль Галиев пен Әлібек Ысқақов түсті.

«Бойжеткен. Барлығы сол қыз үшін» түсірілімі 2017 жылдың тамызынан қыркүйекке дейін өткен. Жобаға қоюшы-оператор Айдар Оспанов, қоюшы-суретшілер Әлтайыр Бірлік пен Айгүл Нұрболатова және композитор Александр Влазнев атсалысты.

Таспаның екінші режиссері - Айдос Нұрболатов.

Романтикалық фильм айналымға 2018 жылдың 1 наурызында шығады.

 

 

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

17 февраля 2018, 01:57

Удачи брат Қуаныш. Ждём и дебюта в новых проектах.

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер