«Бойжеткен» мелодрамасының трейлері
Ғаламторда «Бойжеткен» мелодрамасының алғашқы трейлері жарық көрді. Жастар мелодрамасы кинотеатрлардан 2018 жылы 8 наурызда көрсетілмек.
«Бойжеткен» - Абдель Фифтибаевтің шынайы махаббат туралы баяндайтын дебютті толықметражды картинасы. Фильм кейіпкерлері – жас музыкант пен қарапайым бойжеткен. Екеуінің кездейсоқ кездесуі әсерлі хикаяның басталуына септігін тигізеді.
Режиссердің айтуынша, көрермендер махаббат, жастық шақ, музыка мен Алматы жайындағы хикаяға куә болады.
«Бойжеткендегі» ғашықтарды Ерболат Ержанов («Қожайындар») және жас актриса Әлия Наурызбаева сомдады. Сондай-ақ, мелодрамаға Қуаныш Жылжақсынов («Таиландтағы демалыс») түсті.
Картина өндірісімен Alma pictures компаниясы айналысты. Фильм биылғы жылы Алматыда тамыз бен қыркүйек аралығында түсірілді. Түсірілім күні 25 күнге созылған.
Жобаның екінші режиссері Айдос Нұрболатов болды, ал бас продюсері - Алмагүл Тілеуханова.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін