È

Аптадағы тұсаукесерлер: Махаббатың ізімен

1 наурыздан басталған апта тұсаукесерлері

Бұл аптада киноға бүкіл отбасымен баруға болады. Айналымға алғашқы махаббат жайлы баяндайтын «Бойжеткен», «Мен – күйеу жігітпін» отбасылық комедиясы, «Зор биіктік» спорттық драмасы және жас сиқыршы туралы «Мэри және жалмауыздың гүлі» анимесі шығады.


«Бойжеткен»

Қазақстандағы тұсаукесер: 01.03.2018

Мемлекеті: Қазақстан, 2018

Режиссері: Абдель Фифтибаев

Рөлдерде: Ерболат Ержанов, Әлия Наурызбаева, Қуаныш Жылжақсынов

Жанры: мелодрама

Жас шектеуі: 14 жасқа дейін

Көше музыканты Ден кенеттен Әнелге ғашық болып қалады. Бірақ, бойжеткен оны тек досы ретінде қабылдайды. Ден қыздың жүрегін жаулау мақсатында қызықты оқиғаға тап болады. Ол екі айдың ішінде топ құрып, рок-фестивальге қатысуы тиіс.

 

«Мен – күйеу жігітпін»

Қазақстандағы тұсаукесер: 01.03.2018

Мемлекеті: Қазақстан, 2018

Режиссері: Нұртас Адамбай

Рөлдерде: Нұртас Адамбай, Гүлнар Сильбаева, Санжар Мәди, Жанна Қуанышева

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 14 жасқа дейін

Сюжет ортасында әріптестер Тимур мен Әлия. Әлия аяқ астынан Тимурдан көмек сұрайды: ол отбасылық мерекеге күйеу жігіті ретінде еріп баруы тиіс. Кейіпкерлер өтіріктің арты неге апарып соғатынын түсінбейді.

 

«Тозақтағы селфи»

Қазақстандағы тұсаукесер: 01.03.2018

Мемлекеті: Канада, 2018

Режиссері: Эрдал Сейлан

Рөлдерде: Элисон Уолкер, Тони Жиру, Мила Адамс, Йен Батчер, Тайлер Смит

Жанры: қорқынышты фильм, детектив

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Ханна бөлесі Джулияның ауруының себебін білуге тырысады. Бойжектен аяқ астынан «Қара желі» деп аталатын ғаламтор тобына тап болады. Соған тіркелген Ханна әр селфидің өлімге жақындата түскенін түсіне бастайды.

 

«Шынайылықтан тыс»

Қазақстандағы тұсаукесер: 01.03.2018

Мемлекеті: Ресей, 2018

Режиссері: Александр Богуславский

Рөлдерде: Милош Бикович, Антонио Бандерас, Любовь Аксенова, Юрий Чурсин

Жанры: шытырман, фэнтези

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Майкл қомақты соманы қолға түсіруді армандайды. Осы мақсатпен тылсым күштерге ие адамдарды жинап алып, ойынханаға аттанады. Кенеттен жағдай ушыға түседі де, Майкл бейсана әлемінен шығудың жолын іздейді.

 

«Тұңғиық»

Қазақстандағы тұсаукесер: 01.03.2018

Мемлекеттері: Испания, Германия, Франция, АҚШ, 2017

Режиссері: Вим Вендерс

Рөлдерде: Джеймс МакЭвой, Алисия Викандер, Селин Джонс, Реда Катеб

Жанры: триллер, драма

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Фильм кейіпкерлері – отбасылық жұп. Еркек барлаушы қызметін атқарғандықтан, Сомалиге ұшуға мәжбүр болады. Әйелі – ғалым, оны мұхиттағы экспедиция күтіп тұр. Өліммен бетпе-бет келген екеуі бақытқа толы өткен шақтарын еске алады.

 

«Мені сатып алшы»

Қазақстандағы тұсаукесер: 01.03.2018

Мемлекеті: Ресей, 2017

Режиссері: Вадим Перельман

Рөлдерде: Анна Адамович, Юлия Хлынина, Светлана Устинова, Анатолий Кот

Жанры: мелодрама

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Үш жас бойжеткен әдемі өмір сүруді армандап қана қоймай, әрекетке көшеді! Әрине, өзіндік тәсілдері бойынша. Олар ер азаматтардың назарын өздеріне аудартып, алаңсыз өмір сыйлайтын жанды табуға тырысады.

 

«Мэри және жалмауыздың гүлі»

Қазақстандағы тұсаукесер: 01.03.2018

Мемлекеті: Жапония, 2017

Режиссері: Хиромаса Ёнэбаяси

Рөлдерде: Хана Сугисаки, Рюносукэ Камики, Юки Амами, Дзиро Сато

Жанры: аниме

Жас шектеуі: 6 жасқа дейін

Мэри демалысын ауылда өткізеді. Орманда қыдырып жүріп, сиқырлы әдемі гүлді тауып алады. Сол күні Мэри сиқыршылар әлеміне тап болып, жаңа достарға ие болады.

 

«Зор биіктік»

Қазақстандағы тұсаукесер: 01.03.2018

Мемлекеті: Ресей, 2017

Режиссерлері: Яна Поляруш, Тамара Цоцория, Константин Кутуев

Рөлдерде: Павел Шевандо, Ксения Кузнецова, Сергей Никоненко, Наталья Бергер

Жанры: драма, спорт

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Алексей тау шаңғысынан өтетін жарысқа дайындалады. Бірақ, бұрыс қадам қайғылы жағдайға әкеп соғады: спортшы аяғынан айырылады. Дегенмен, спортқа деген махаббат пен туыстардың қолдауы кейіпкерді барлығын басынан бастауға мәжбүрлейді.

 

«Дауылдағы тонау»

Қазақстандағы тұсаукесер: 01.03.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2018

Режиссері: Роб Коэн

Рөлдерде: Тоби Кеббелл, Мэгги Грэйс, Райан Квантен, Бен Кросс, Эд Бирч

Жанры: атыс-шабыс, триллер

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Қылмыскерлер тобы дауыл кезінде қаржылық билік органын тонауды ұйғарады. Табиғат апатын пайдалана отырып, тонаушылар ғимараттан 600 миллион доллар алып шығуды жоспарлайды. Бірақ, табиғатпен ойнауға болмайды: бұзақылар сәтті пайдадан ғана емес, өмірлерінен айырылып қалулары мүмкін.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер