«Анамның сыйлаған қанаттары» фильмінің тұсаукесерінен фоторепортаж
13 қыркүйек күні Kinopark 11 Esentai Mall кинотеатрында режиссер Қажымұқан Қалымбетовтың «Анамның сыйлаған қанаттары» фильмінің тұсаукесері болды. Кинокөрсетілімге Фархат Әбдірайымов, Алмагүл Тілеуханова, Тәуекел Мүсілім және Азамат Әшімов келді.
«Анамның сыйлаған қанаттары» картинасы ауыр науқасқа шалдыққан аналарына көмектесу үшін қолдан келген бар жағдайды жасауға тырысатын бауырлардың қарым-қатынасын бейнелейді. Таспа әлеуметтік драма болып табылады. Басты рөлді Санұржан Сүлейменов сомдады. Фильм сценарийін Еркен Губашев және Андрей Ходин жазған.
Картина айналымға 14 қыркүйек күні шықты.
Суреттерді сайт серіктесі – Paparazzi club ұсынды
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін