È

«Шатырдағы бұлт» фильмінің көрсетілімінен фоторепортаж

«Шатырдағы бұлт» фильмінің көрсетілімінен фоторепортаж

Сәуір айында «Ай күнді жақсы көреді» қысқа метрін түсірген Әли Шер Сүлейменнің қоюшы-режиссер ретінде жұмыс істеген «Шатырдағы бұлт» фэнтези-фильмі айналымға шықты. Картинаның бас продюсері - Ариэль Асенова.

Фильмнің сюжеті отбасы, жұмысы бар жігіттің айналасында өрбиді. Бірақ, оны бір нәрсе жаман жолға итермелейді және барлығы күйрейді. Ол барлығын кері қайтарып, өмірін қалыпқа келтіре ала ма?

Басты рөлдерді Диас Әзімжан, Қазына Әбдірахман, Камила Нұғыманова, Вахид Изимов, Мирон Воробьев, Асанжан және Үсенжан Сұлтановтар, Мадина және Медина Тәліпбек сомдайды.

Сондай-ақ, кинотаспада қоюшы-оператор Ескендір Нарымбетов, қоюшы-суретші Ринат Шашубаев, композиторлары ретінде Асқар Шафи мен Станислав Ионов жұмыс істеді .

«Шатырдағы бұлт» фильмінің көрсетілімі қалай өткенін және картинаны түсірушілерді алғашқы көрсетілімде кімдердің қолдауға келгенін біздің фоторепортаждан көре аласыздар.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер