È

«Шатырдағы бұлт» қазақстандық фэнтезиге арналған трейлер

«Шатырдағы бұлт» қазақстандық фэнтезиге арналған трейлер

«Шатырдағы бұлт» отандық фэнтези фильмінің толық трейлері жарыққа шықты. Картина - режиссер Әли Шер Сүлейменнің және продюсер Ариэль Асенованың толықметражды дебюттік жобасы.

«Шатырдағы бұлт» - некесі мен мансабы құлдыраудың алдында тұрған жас жігіт жайлы хикая. Тағдыр оған аяқ астынан барлығын өзгертуге мүмкіндік береді. Бірақ, оның аңдамай басқан бір қадамының салдары қауіпті болуы мүмкін. Нәтижесінде, кейіпкерге не болатынын көрермендер жақында білетін болады. Фильм айналымға 26 сәуірден бастап шығады.

Картина түсірілімі 2017 жылдың маусымында өтті. Таспаны Диас Әзімжан, Қазына Әбдірахман, Камилла Нұғыманова және Вахид Изимов сынды жас актерлардың қатысуымен Алматы қаласында түсірді.

«Шатырдағы бұлт» фильмі «Қазақфильмнің» қатысуымен A`StarFilm және Bayterek Production компанияларымен түсірілді.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер

Линда Нығматулина

Актриса

Геннадий Балаев

Актер