È

«Шатырдағы бұлт» фэнтези-фильмнің постері

«Шатырдағы бұлт» фэнтези-фильмнің постері

«Шатырдағы бұлт» отандық фэнтезиінің ресми постері пайда болды. Картина - A`Star Film, Bayterek Production және «Қазақфильм» киностудиясының өндірісі.

«Шатырдағы бұлт» фильмі режиссер әрі сценарист Әлі Шер Сүлейменнің дебютті толықметражды жұмысы болып табылады. Сюжетте өмірінде қара жолақтар басталған брокер Тимур. Бір сәтсіздіктен кейін тағы біреуіне тап болған еркек күйзеліске ұшырайды. Бірақ, бір ғана жағдай өмірін түбегейлі өзгертеді.

Көрермендер Тимурдың рөлінде Диас Әзімжанды көре алады. Актердің айтуынша, «Шатырдағы бұлт» зұлымдық пен жақсылықтың қарама-қайшылығын көрсетеді.

Сонымен қатар, фильмге Камилла Нұғыманова, Мирон Воробьев, Қазына Әбдірахман, Вахид Изимов, Асан мен Үсен Сұлтановтар, Жанна Жұмалиева, Мәдина мен Медина Тәліпбек түсті.

Түсірілім тобына қоюшы-оператор Ескендір Нарымбетов, қоюшы-суретші Ринат Шашубаев және композитор Асқар Шәфи кірді.

Постердің авторы Илья Постников болды.

 

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Maxim Bogomolov

7 наурыз 2018, 02:26

Ух ты!

Таныс бейне

Аян Өтепберген

Актер

Дастен Шәкіров

Актер