È

«Шатырдағы бұлт» фэнтези фильмінің тизері

«Шатырдағы бұлт» фэнтези фильмінің тизері

Желіге «Шатырдағы бұлт» отандық картинасының алғашқы тизері шықты. Фильм режиссер әрі актер Әлішер Сүлейменовтың алғашқы толықметражды жұмысы болып табылады.

«Шатырдағы бұлт» таспасының сюжеті Тимурдың шытырман оқиғаларын баяндайды, оның өмірінде қиын кезеңдер басталады. Өз-өзіне сенімді жігіт отбасы мен жұмысындағы қиындықтарға тап болады. Фильм бойы кейіпкер «өмірдің мәні неде?» деген сұрақтың жауабын іздейді.

Әлішер Сүлейменовтың айтуынша, кинотаспа компьютерлі графика және арнайы эффектілердің пайдаланылуымен фэнтези жанрында түсірілген. Графика дайындау Spirit Group компаниясына жүктелді.

Тимурды жас режиссер Диас Әзімжан сомдады. Көрермендер картинадан Камилла Нұғыманова, Қазына Әбдірахман, Вахид Изимов, Мәдина мен Медина Тәліпбек сынды жас актерларды көре алады.

Түсірілім 2017 жылдың маусымынан шілдесіне дейін Алматыда өтті.

«Шатырдағы бұлт» киноэкранға келесі жылы шығады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Аян Өтепберген

Актер

Дастен Шәкіров

Актер