«Шатырдағы бұлт» фильмінің шығу күні белгілі болды

2018 жылдың 26 сәуірінде «Шатырдағы бұлт» отандық фильмі жарыққа шықпақ. A`Star Film және Bayterek Production компанияларының дебютті жобасы комедиялар легін үзе тұрмақ: картина фэнтези жанрында түсірілген және жақсылық пен жамандықтың қарсыласуын баяндайды.
«Шатырдағы бұлт» фильміндегі оқиға заманауи әлемде орын алған. Оқиға кейіпкері - брокер Тимур, оның өмірінде қиындықтар пайда болады. Әбден жұмысқа кірісіп кеткен азамат әйелі мен бала-шағасын ұмытты. Неке бұзылуға шақ қалады. Кейіннен кейіпкерге жағдайды түзетуге мүмкіндік беріледі.
_y6he.jpg)
Тимурды Диас Әзімжан сомдады. Көрермендер басқа рөлдерден жас актерлар Қазына Әбдірахман, Камилла Нұғыманова және Вахид Изимовты көре алады.
Фильм түсірілімі Алматыда өткен. Картина 2017 жылы жазда түсірілді.
Таспа режиссері - Әли Шер Сүлеймен. Жоба продюсері - Ариэль Асенова.
«Шатырдағы бұлт» фильмінің тизерін мына жерден көруге болады.
.jpg)






1 пікір
Пікір қалдыру үшін
Maxim Bogomolov
23 наурыз 2018, 12:37Классно, поздравляем!