È

«Оралман из Питера» фильмінің тұсаукесерінен фоторепортаж

«Оралман из Питера» фильмінің тұсаукесерінен фоторепортаж

12 сәуірде «Оралман из Питера» комедиясы отандық айналымға шықты. Туындының продюсері - танымал композитор Арман Дүйсенов. Ал режиссері – жас маман Ален Ниязбеков. Бұл картина екеуі үшін де толық метрдегі дебюттік жұмысы болды.

«Оралман из Питера» фильмі қызықты актерлік құрам жинады, олардың арасында көпшіліктің сүйіктісіне айналып үлгерген Дәурен Айдарқұлов, Динара Бақтыбаева, Қуандық Шәкіржанов, Дина Тасболатова және Асан Мәжит бар.

Оқиғаның басты кейіпкерлері – әкімнің бұйрығымен музыкалық аспап сатып алу үшін қалаға жол тартатын үш ауылдық музыкант. Бірақ, олар мектепке музыкалық құрал-жабдықтар алу үшін берілген ақшаны құмар ойынға салып, құртып қояды. Дегенмен, кейіпкерлер қалада болатын музыкалық байқауға қатысуға ниет білдіреді. Егер байқауда жеңіске жетсе, ақшаларын қайтарып ала алады.

Сценарий авторлары - Арман Дүйсенов пен Жәмит Көшербаев. Продюсердің айтуы бойынша, картинаға үлкен қаржылық қолдау көрсеткен адам - меценат Мақсат Раманқұлов.

Комедия тұсаукесерінің қалай өткенін, дебютанттарды қолдауға кімдердің келгендігін арнайы фоторепортаждан тамашалаңыздар.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер