È

«Ең сұлу» фильмінің тұсаукесерінен фоторепортаж

«Ең сұлу» фильмінің тұсаукесерінен фоторепортаж

Айналымға шыққан «Ең сұлу» комедиясы – режиссер Қанағат Мұстафиннің биылғы жылы ұсынған екінші жұмысы. Картина продюсері – Айдархан Әділбаев.

Фильмдегі оқиға жолдастарына қалыңдық іздеген бірнеше достардың айналасында өрбиді, бірақ кейін олар құны жиырма миллион доллар тұратын жәдігер құмырамен байланысты жағымсыз жағдайға тап болады. Жігіттер қиын жағдайдан құтыла ала ма және достарын үйлендіре ме, оны киноны көріп қана білетін боласыздар.

Таспаға Әсел Асқар, Қуаныш Долдаев, Мұрат Бисенбин, Берік Айтжанов, Асан Мәжит, Аша Матай, Фархат Әбдірайымов және Дәурен Айдарқұлов түсті.

Өндірісіне KANAIDAR Production, BozOk film, Arai Media group компаниялары және «Қазақфильм» киностудиясы атсалысты.

Сондай-ақ, «Ең сұлу» комедиясымен қоюшы-операторлар Айдар Оспанов және Айвар Қыдырбаев, композитор Никита Карев, костюмдер бойынша суретші Алена Лузанова айналысты.

Фильм кестесін кинотеатрлар афишасынан таңдауға болады.

Фильмнің тұсаукесерінен фоторепортаж галереямызда.

 

 

Суреттер: Kipyat.com

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер

Дидар Амантай

Сценарист