È

«Ең сұлу» фильмінің түсірілімінен фоторепортаж

«Ең сұлу» фильмінің түсірілімінен фоторепортаж

«16 қыз» комедиялық картинасынан соң, көрермендер режиссер Қанағат Мұстафиннен фильмнің жалғасын асыға күтті. Қуанышқа орай, 10 мамыр күні айналымға «Ең сұлу» таспасы шығады.

Комедия сюжеті Самат деген жігіттің айналасында өрбиді, ол Лейла есімді сұлуға ғашық болады. Ол қыздың жүрегін жаулап алу үшін барлығына дайын болады, тіпті құны 20 миллион доллардан асатын жәдігерді ұрлауға дейін барады. Жас жігіт қиын жағдайдан шыға ала ма және ғашығының жүрегін жаулай ала ма, оны жақында кинодан білетін боламыз.

Фильмдегі басты әйел рөлін Әсел Асқар сомдады, бұл оның толық метрдегі дебюті. Басты ер азамат рөлінде – Қуаныш Долдаев. Басқа да кейіпкерлерді Мұрат Бисенбин, Берік Айтжанов, Асан Мәжит, Аша Матай, Фархат Әбдірайымов және Дәурен Айдарқұлов сомдады.

«Ең сұлу» шытырман оқиғалы комедиясы түсірілімінің қалай өткенін фоторепортажымыздан тамашалаңыздар.

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер

Вадим Шлахтер

Актер

Анастасия Фёдорова

Актриса

Игорь Бабичев

Актер