È

«Бақсы дуасы» фильмінің көрсетілімінен фоторепортаж

«Бақсы дуасы» фильмінің көрсетілімінен фоторепортаж

Қазақстандық айналымға Бақтияр Сейтқазиевтің «Бақсы дуасы» картинасы шықты. Фильмдегі басты рөлді дебютант Еламан Есентаев сомдады.

Психологиялық триллердің сюжеті кәсіби түрде компьютерлік технологияны меңгерген Гиз есімді жігіт жайлы баяндайды. Бір күні ол ғаламтордан кісі өліміне қатысты бейнежазбаны көріп қалады. Гиз қылмыскерді анықтау мақсатында өз бетінше тергеу жүргізе бастайды. Дегенмен, ол өзінің кісі өлтірушінің тұзағына түскенін байқамай да қалады.

Екі аптада түсірілген жобаның өндірісімен Tumar film кинокомпаниясы айналысты.

Есентаевтан бөлек, фильмге Аяна Құсайынова, Әзиз Бейшеналиев, Руми Назаров, Самат Рамазанов, Эльдар Жақсылықов және Алексей Кудинов түсті.

«Бақсы дуасы» фильмінің көрсетілімі қалай өткенін фоторепортаждан көре аласыздар.

 

 

Фото: Hyip.kz

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

16 мамыр 2018, 22:55

Простите меня, буду груб и оскорбителен. Но ужас и триллер пфф. Нет просто, я не вижу тут никакой логики. Какой-то пропасть, нет смысла, связки, заключения. 2 балла по всем критериям. Ну рицензия сама за себя сказала ответ, расследование, компьютерный гении. Что за глупости. Это еще один неудавшийся американский фильм про дебилов . Только вот это в казахском формате, звучит хуже некуда.

Таныс бейне

Нұржұман Ықтымбаев

Актер