È

Алматыда «Бақсы дуасы» фильмінің жабық көрсетілімі өтті

Алматыда «Бақсы дуасы» фильмінің жабық көрсетілімі өтті

Алматылық Lumiera Cinema кинотеатрында «Бақсы дуасы» психологиялық триллерінің жабық көрсетілімі өтті. Фильмді көрермен назарына режиссер әрі сценарий авторы Бақтияр Сейітқазиев ұсынды.

«Бақсы дуасы» - жас IT-маманы Гиз жайлы хикая, ол желіде адам өлімімен байланысты бір қорқынышты бейнежазбаны көріп қалады. Гиз ролик авторларына бір табан жақын болу үшін өз бетінше тергеу жүргізеді. Алайда, жағдайдың бақылаудан шығып кететінін және өзінің қулық-сұмдықтың нысанына айналатынын күтпеген еді. Кейіпкер қылмысты әшкерелеп, кінәлілерді таба ала ма? Оны көрермендер жақында білетін болады. Детектив элементтері бар отандық триллер айналымға 10 мамыр күні шығады.

«Адамдар біреулердің нысанына айналатыны немесе айналғаны жайлы ойланбайды. Жаңа дін – ғаламтор келісімен, тек үлкендер ғана емес, балаларымыз да соның құрбанына айналуда. Бұл тақырып мені қатты толғандыратын, ақыры сценарий идеясы туындады. Біз картинаны жастар тілінде, барлығын түсінікті қылып түсірдік: заманауи ұрандар мен түсініктерді, гаджеттерді пайдаландық. Фильміміз жасөспірімдерге де, ересектерге де қызықты болады деп ойлаймыз», - деді тұсаукесерде Бақтияр Сейітқазиев.

Картина түсірілімі 2017 жылғы күзде Алматыда өткен. Фильмді Tumar film компаниясы 14 күннің ішінде түсірген.

Триллерге жас әрі тәжірибелі актерлар: Еламан Есентаев, Аяна Құсайынова, Әзиз Бейшеналиев, Руми Назаров, Самат Рамазанов, Эльдар Жақсылықов және Алексей Кудинов түсті.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер