È

«Қарлығаш ұя салғанда» хикаясының тұсаукесерінен фоторепортаж

«Қарлығаш ұя салғанда» хикаясының тұсаукесерінен фоторепортаж

Астанада «Хабар» телеарнасының тапсырысы бойынша түсірілген «Қарлығаш ұя салғанда» телехикаясының тұсаукесерлі көрсетілімі өтті. Жобаның режиссері - Санжар Омаров, продюсері – Гүлнұр Мамасарипова.

Сюжетте 32 жасар Қарлығаш, кәсіпкер ханым, ол мансабында биік жетістіктерге жетті, бірақ жеке өмірінде дағдарыс орын алған. Бір күні ол үш қызымен бірге көрші тұратын бойдақ ер адам Тасқынды жолықтырады. Бір күні Тасқын ауруханаға түсіп қалады, ал Қарлыған балаларын қарап беріп, көмектеседі, содан бастап оның өмірі басқа арнаға бұрылады.

Фильмдегі басты рөлдерді Кәмшат Жолдыбаева («Сиситай», «Қазақ хандығы. Алмас қылыш») және Еркебұлан Дайыров («Тараз», «Әміре») сомдады. Кішкентай Еңлікті Қайрат Нұртастың қызы Алау Қайратқызы ойнады.

Тұсаукесерлі көрсетілімде әнші Сара Амангелдиева да төбе көрсетіп, көпбөлімді таспаның аттас саундтрегін орындап, қонақтарды қуантты.

«Қарлығаш ұя салғанда» «Хабар» телеарнасынан 29 қазаннан бастап жұмыс күндері сағат 19.15-те көрсетіледі.

Драманың алғашқы жабық көрсетілімінің қалай өткенін фоторепортаждан тамашалаңыздар.

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер

Линда Нығматулина

Актриса

Геннадий Балаев

Актер

Нұржұман Ықтымбаев

Актер