È

Saryarka short film festival баспасөз конференциясынан фоторепортаж

Saryarka short film festival  баспасөз конференциясынан фоторепортаж

Астанада «КазМедиаЦентр» орталығында Saryarka short filmfestival алғашқы жастар кинофестивалінің баспасөз конференциясы өтті. Іс-шараның қатысушылары «Астана Жастары» ЖРО және актер Ануар Нүрпеисов, қазылар алқасының төрағасы Бауыржан Нөгербек, режиссерлер Әсия Сүлеева, Әубакір Сүлеев және кинотанушы Нәзира Мұқышева.

Кинофестивальдың байқау бағдарламасында 23 жас режиссердың жұмысы көрсетіледі. негізгі бағдарламадан бөлек белгілі режиссерлердің картинасы көрермен назарына ұсынылады: Дархан Төлегеновтың «Луч утренней зари», Ратмир Назаровтың «Любовь»,Ольга Коротьконың «Голубь на крыше», Берік Жахановтың «Еркек», Мадина Беспаеваның «Сүйінші» фильмдері.

Фестивальдың қатысушылар мен қонақтары режиссер әрі оператор Қанат Бейсекеевпен, клипмейкер әрі режиссер Медет Шаяхметовпен, видеоблогер Олжас Бейлов және Самсон Безмятежныймен жүзбе-жүз кездесіп, мамандардың кеңестерін алып, шеберлік кластарына қатыса алады.

Saryarka short film festival 18 желтоқсандабасталады. Егер сіз киноны жақсы көрсеңіз, жас кинемотографистерді қолдағыңыз келсе, сізді байқаудың қонағы болуға шақырамыз. Кіру- тегін.

Saryarka short film festival

Фотолар үшін Ppz.kz.-ке алғыс білдіреміз.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Санұржан Сүлейменов

Актер

Жанель Әлікова

Актриса

Берік Арықбаев

Актер

Ақылжан Мақашев

Актер